Жаз басталысымен, еліміздің жазғы сауықтыру лагерьлері балаларды қабылдай бастады. Солардың бірі – Арқалық қаласындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының жанынан құрылған «Жаз Bala Quest» жазғы сауықтыру лагері.
Маусымның 2-сі күні лагерьдің алғашқы ауысымы басталып, орталыққа 40-қа жуық бала жиналды. Олар таза ауада серуендеп, спорт залда жаттығып, әртүрлі спорттық ойындар мен қызықты сайыстарға, танымдық іс-шараларға қатысып, бос уақыттарын мазмұнды әрі көңілді өткізді. Аптасына екі рет бассейнге барып, суда әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ балалар қаламыздағы тарихи құндылықтарға бай «Облыстық дала өлкесі мұражайына» және Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық университетте орналасқан Ы.Алтынсариннің музейіне экскурсия жасап, көптеген тың мәліметтер алып, түрлі жәдігерлермен танысты.
Әкелер күні мерекесіне орай «Менің әкем – ең жақсы адам» атты фотокөрме ұйымдастырылып, балалардың әкелерімен түскен фотолары жинақталып, солардың арасынан үздік деп танылған жұмыстар марапатталды. Осылайша қызыққа толы лагерьдің бірінші ауысымымен қоштасу үшін балаларды табиғат аясына шығарып, қазақтың ұлттық ойындарын ойнатып, таза ауада дәм татып, көтеріңкі көңіл-күймен уақыт өткіздік. Балалар лагерьмен қимай қоштасып, келесі ауысымға да қатысатындарын жарыса жеткізді. Лагерь барысында балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына ерекше көңіл бөлінді. Тәжірибелі педагогтер мен медициналық қызметкерлер әр баланы мұқият бақылап, қажет жағдай туындағанда көмек көрсетті.
Жазғы сауықтыру лагері – балалардың жан-жақты дамуына, денсаулықтарын нығайтуына, шығармашылық қабілеттерін арттырып, өмірлік маңызды дағдыларды меңгеруіне зор мүмкіндік берді. Біздің жаз мұнымен аяқталған жоқ. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы жанындағы жазғы лагерь келемін деушілерге жарқын көңіл-күй мен ұмытылмас сәттерге толы демалыс сыйлауды жалғастырмақ.
Айкерім ЫБЫРАЕВА,
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер
орталығының педагогі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.