Арқалық қаласындағы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының жанынан құрылған «Жаз-Bala Quest» жазғы сауықтыру лагерінің III ауысымында ерекше шығармашылық іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл күні лагерь қатысушылары «Кескіндеме және графика» үйірмесінің ұйымдастыруымен өткізілген «Балалық шақтың түрлі-түсті әлемі» атты экологиялық картинкалар байқауына қатысты. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты қорғауға баулуды көздеген байқау барысында оқушылар түрлі-түсті бөтелке қақпақтарын қолданып, әдемі аппликациялық суреттер жасады. Бұл жұмыстар эстетикалық жағынан ғана емес, мағыналық тұрғыда да терең болды. Әрбір қатысушы өзінің балалық арманы мен табиғатқа деген сүйіспеншілігін түстер арқылы жеткізуге тырысты.
Байқауға қаламыздың мектептері – Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ, А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия, Б.Майлин атындағы №3 ЖББМ, М.Әуезов атындағы №5 ЖББМ, сондай-ақ Кейкі батыр атындағы №4 ЖББМ, №10 ЖББМ, Ә.Бөкейхан атындағы ЖББМ және №2 ЖББМ жанынан құрылған лагерьлердің оқушылары қатысты. Олардың әрқайсысынан үш оқушыдан шығарылып, өнерлерін паш етті.
Тартысты өткен байқау нәтижесінде бірінші орынға Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия ие болды. Ал екінші орынды Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ иеленсе, жүлделі үшінші орынды А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия қанжығасына байлады. Қалған мектеп оқушылары түрлі номинациялар бойынша марапатталып, арнайы Алғыс хаттар табысталды.
«Жаз-Bala Quest» жазғы сауықтыру лагерінің III ауысымы – қатысқан 25-30 балар үшін білім мен демалысты ұштастыра білген, шығармашылық пен спортты, достық пен қызықты сәттерді тоғыстырған нағыз қуаныш алаңына айнала білді. Мұнда әр күн – ерекше форматта өтеді: таңғы жаттығу, сергітетін ойындар, шығармашылық үйірмелер, зияткерлік сайыстар мен мәдени кештер.
Лагерьдегі ерекше демалыс түрлерінің бірі – бассейн. Аптап ыстықта балалар суға шомылып, көңіл көтеріп, түрлі су ойындарын ойнап, қуат алады. Бассейн балалар үшін жай ғана сергіту емес, бір-бірімен достасатын, ерекше естеліктер қалыптастыратын ортаға айналды. Демалыс алаңында балалар уақытты көңілді өткізіп қана қоймай, жаңа дос тауып, топпен жұмыс істеуді, бір-біріне құрметпен қарауды, жауапкершілікті сезінуді үйренеді. Тәжірибелі тәлімгерлер мен тәрбиешілер, өз кезегінде, әрбір баланың жан-жақты дамуына жағдай жасап отыр.
Мұндай байқаулар мен іс-шаралар балалардың өмірге деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, болашаққа сеніммен қарауға үйретеді. «Жаз-Bala Quest» – жай ғана лагерь емес, балалық шақтың жарқын естелігіне айналған нағыз ғажайып әлем.
Нұрайлым МҰХИДИНҚЫЗЫ,
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығы,
«Мобилография» үйірмесінің жетекшісі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.