Балдәурен – балалардың бақытты мекені

Выпуск - №23(719)   :   12.06.2026
511

1

Жаз мезгілінің жарқын күндерімен бірге Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады. Балалардың асыға күткен демалыс маусымының ашылуы ерекше көңіл күйде өтті.

Лагерьдің ашылу рәсіміне оқушылар, ата-аналар, ұстаздар мен мектеп қызметкерлері қатысты. Іс-шараның шымылдығы әнұранмен ашылып, мектеп әкімшілігі оқушыларды жазғы демалыстың басталуымен құттықтап, лагерьдің жұмысына сәттілік тіледі. Мектеп директоры жазғы демалыс алаңының маңызына тоқталып, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және денсаулығын нығайту басты мақсаттардың бірі екенін атап өтті.
Мерекелік іс-шара барысында білім алушылар ән айтып, би билеп, көңілді ойындар мен түрлі байқауларға қатысты. Әсіресе, танысу тренингтері, спорттық эстафеталар және әртүрлі қызықты викториналар балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Әрбір бала өзін еркін сезініп, жаңа достар тауып, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.

2


Жазғы лагерь бағдарламасы мазмұнды әрі қызықты іс-шараларға толы. Алдағы күндері балалар үшін спорттық жарыстар, шығармашылық сайыстар, сурет көрмелері, ұлттық ойындар, кітап оқу сағаттары, танымдық экскурсиялар, патриоттық бағыттағы тәрбиелік шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған акциялар мен табиғатты қорғау тақырыбындағы кездесулерді өткізу жоспарланған.
Лагерь жұмысы барысында балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді. Таза ауадағы серуендер, қозғалмалы ойындар мен дене шынықтыру жаттығулары олардың сергек әрі белсенді демалуына мүмкіндік береді. Оқушылар үшін жазғы лагерь – тек демалыс орны ғана емес, жаңа әсерлерге толы қызықты орта. Мұнда олар шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өз таланттарын танытып, ұжыммен жұмыс істеуді үйренеді.

Куляш АУБАКИРОВА,
Ш.Уәлиханов атындағы
жалпы білім беретін
мектептің «Жас қаламгер» үйірмесінің
І-ауысым жетекшісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.