Бар жақсылық – балаларға

Выпуск - №43(591)   :   18.11.2023
687

Үстіміздегі жылдың күзінде Қостанай қаласындағы «Юбилейный» шағын ауданында «IQOSTANAY» оқушылар сарайы жастарға есігін айқара ашты. ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Наталья Жұмаділдаева Қостанай қаласына жұмыс сапары барысында аталған орданың жай-күйімен танысып қайтты.

Жалпы аумағы 12 мың м2 асып жығылатын үш қабатты Оқушылар сарайына кірген бетте ерекше әсерде қаласың. Іші жарық, кең, жылы. Заманауи үлгідегі барлық қажеттіліктермен жабдықталған қосымша білім беру ордасы өңірде баламасы жоқ әлеуметтік ғимарат ретінде бағаланып отыр. Осылайша облыс орталығының 1300 оқушысы өзінің қызығушылығына қарай шеберханаларда, ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық және эстетикалық бағыттағы студияларда жан қалауы бойынша өз ісін таба алады. Мұнда балалар үшін соңғы үлгідегі компьютерлер орнатылған киберспорт залы, инженерия кабинеті, робот құрастыру үйірмесі, виртуалды шындық кабинетімен қатар 3D модельдеу бөлмелері, күн батареясы мен жел генераторлары бар жаңартылатын қайнар-көздер үйірмесі, сонымен қоса гидропоника және аквапоника кабинеті, музыкалық аспаптармен әрі бөлек дыбыс жазу студиясымен жабдықталған музыкалық кабинет бар.

Оқушылар сарайына арнайы бет бұрған вице-министр Наталья Васильевнаға қаламыздың білім ордаларынан жиналған жас зерттеушілер, киберспортшылар, робототехниктер мен инженерлер өздерінің алғашқы жетістіктерін ұсынып, жасап жатқан ісінің маңыздылығын жеткізіп, шынайы қызығушылықтарын көрсете білді. Оқушылар сарайының директоры болып тағайындалған Мұрат Нұржанов қонақтарды барлық үйірмелермен толық таныстырып өтті. Наталья Жұмаділдаева жас өнертапқыштар мен зертеушілерге сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауап та естіді. Оқушылар жаңа үлгідегі кабинеттерде жұмыс істеудің бір ғанибет екендігін айтады. Әрине, тәрбиеленушілер мен олардың тәлімгерлері заманауи үлгідегі құралдар мен зертханалардың мүмкіндіктерімен әзірге танысу үстінде, оларды алда көптеген ашылулар күтіп тұрғаны анық.

– Барлығы біздің балаларымызға арналған. Мектеп оқушылары жоғары оқу орнына түсуге дайындық жасаймын десе де, мектеп бағдарламаларын қайталаймын десе де – бәріне толық мүмкіндік жасалған. Яғни, үйірмелер соншалықты қызық әрі барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгендіктен, мұнда барғысы келетін оқушылардың саны көп болады деп ойлаймыз. Оның үстіне мықты деген тәлімгерлер жиналған, – дейді «IQOSTANAY» оқушылар сарайы директорының орынбасары Наталья Никитина. – Тәрбиеленушілерімізді екі ауысымда оқыту жүргізіледі. Бұл, әрине, бірінші немесе екінші ауысымда оқитын балаларға ыңғайлы. Үйірмелерде оқыту да екі тілде ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Балаларды Mindal электронды жүйесі арқылы тіркейміз. Яғни, ата-ана электронды түрде өтініш береді. Ал біз, өз тарапымыздан, қабылдауға қажетті құжаттар мен талаптарды түсіндіріп, бағыттаймыз.

Жалпы «IQOSTANAY» оқушылар сарайында 24 үйірме жұмыс атқармақ. Жас ерекшеліктеріне келер болсақ, қаламыздың мектеп оқушылары 6-дан 10 жасқа дейін және 10-нан 18 жасқа дейін екі топқа ілігіп, жаны қалаған үйірмеге жазыла алады. Айта кету керек, осы қараша айының 18-інде, яғни сенбі күні таңертеңгі 10.00-ден 15.00-ге дейін барлық қала тұрғындарына ашық есік күні ұйымдастырылмақ. Жаңа орталықтың тыныс-тіршілігімен танысамын деушілер, мархабат.


Жамал ШАУКЕН

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.