«Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал», – деп В.А. Сухомлинский айтып кеткендей, ол баланың тәрбие үрдісінде өте маңызды рөлді атқарады. Сол өнердің шоқтығы биік түрі – би өнері.
.jpeg)
Хореография – гректің «choreia» – «би», «grapho» – «жазамын» деген сөзінен шыққан, яғни шартты белгілер жүйесі арқылы би қимылдарын жазу немесе би және би спектакльдерін қою деген мағыналарды білдіреді. Алғаш рет «Хореография» терминін француз би үйретушісі Р.О. Фейе енгізді. Қазақ жерінде «Хореография» термині 20-сыншы ғасырдың 30-ыншы жылдары қолданыла бастады.
Әр өнер адамзаттың қайғы-қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық оқиғаларды адамдарға өзіне тән құралдармен, амал-тәсілдермен жеткізуге тырысады. Және сол өнедің әрқайсысы шартты болып келеді. Оның ішінде хореография өнері ерекше. Өйткені, хореография – сөзсіз өнер. Оның негізі – би. Би өнерін дұрыс оқыту – бұл тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу. Сонымен қатар, оқушының дене бітімін әдемі қалыптасуына үлесі зор, нағыз денсаулықты шыңдайтын пән. Оқытудағы сабақтар: классикалық, халықтық-сахналық, тарихи-тұрмыстық, ұлттық биіміз – қазақ билері, сондай-ақ модерн, латын-американдық, аэробикалық, қазіргі заман билері де қоса оқытылады. Осылайша балаларды жан-жақты болып тәрбиелеуіне үлес қосамыз.
Хореография – ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің түрі. Оның қайнар көзі – халық билерінде. Әр халықтың тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін, салт-дәстүрін, ұлттық нақыштағы киімдерін де олардың ұлттық билерінен көре аласыздар. «Арман» хареографиялық би тобы әртүрлі ұлттардың биін билеп, халыққа ерекше көңіл-күй сыйлайды. Біздің репертуарымызда онға жуық, соның ішінде өзбек, үнді, қазақ, ұйғыр, орыс, испан, украин, цыған халықтарының ұлттық билері бар. Жаңа ұлттың биін үйрену барысында, оқушылар сол ұлттпен жақынырақ танысып, ой-өрісін кеңейте түседі.
Бір сөзбен айтқанда, би – адамның ішкі дүниесін байытып, жанын тазартатын құдіретті өнер. Оқушылардың осы өнерге сүйіспеншілігін, өмірге құштарлығын, еңбекке, іскерлікке ынтасын арттыруда жеке тұлғаның қалыптасуына би өнерінің әсері ерекше.
Назым БАТЫРБАЕВА,
Балалар шығармашылық
үйінің директоры,
Федоров ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.