Білімді – мыңды жығады

Выпуск - №16 (513)   :   28.04.2022
370

Заманның талабына сай жан-жақты, кез келген ақпаратқа сын көзбен қарап, өз ойын ашық айта алатын саналы ұрпақты тәрбиелеу мақсатында Қостанай қаласындағы С.Мәуленов атындағы гимназияның қабырғасында «Өркениет» дебат клубы жұмыс істеп келеді.

«Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады» демекші, қазіргі заман – білімділер заманы. Ал қазіргі ақпараттық қоғамда бәсекеге қабілеттілікті арттырып, сананың көкжиегін кеңейтетін, жастарды көшбасшылыққа жетелейтін бірден-бір құрал – дебат. «Адамды даңққа бөлейтiн екi қасиеттi өнер бар: бiрi – қолбасылық, екiншiсi – шешендiк», – деп ежелгі Рим жазушысы әрі шешені Марк Цицерон айтқандай, жеке пікірді жеткізе білу де үлкен өнер.

Жастардың жан-жақты дамуы үшін пікірсайыс өте қажет. Пікірсайыс арқылы біз кез келген тақырыпты еркін игеріп, өзіндік ой-пікірді шешендік қабілет арқылы көпшілікке жеткізе аламыз. Осындай өзектілік пен қажеттіліктің негізінде елімізде «Дебат қозғалысына» ерекше ден қойылып отыр. Жоғарыда атап өткен мақсаттар негізге алына отырып жоспар бойынша «Интернетке қарағанда теледидардың қоғамға әсері көбірек», «БП тәуелсіздіктен кейінгі жоғарғы жетістіктерді атайды», «БП экологиялық проблемаларды шешудің тиімді механизмін ұсынады» және т.б. көптеген қызықты әрі өзекті мәселелер төңірегінде мектепішілік турнирлер өткізілді.

Біздің дебат клубымыздың жетістіктері де аз емес. Қалалық, облыстық додалардан орын алып, клуб мүшелері өздерінің білімділігі мен алғырлығын анық көрсете алды. Клубымыздың кейінгі жас пікірсайысшыларға үлгі болатындай жүлдегерлеріміз – 11 «А» сынып оқушысы Нұрлыхан Абдрахман мен 10 «Ә» сынып оқушысы Гүлдана Борамбаеваны (суретте) ерекше атап өткім келеді. Дебат – ойын жүйелі, қысқа да нақты жеткізуге үйрететін, өмірге, қоршаған ортаға сыни көзбен қарап, жан-жақты білімді кеңейтуге және оның дамуына үлес қосуға итермелейтін күш.


Дәуіржан МАТЫҒҰЛОВ,
С.Мәуленов гимназиясы
құқық негіздері пәнінің
мұғалімі, «Өркениет» дебат
клубының жетекшісі,
Қостанай қаласы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!