Бірлестіктің қызыққа толы апталығы

Выпуск - №45(642)   :   15.11.2024
546

1

Оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында орталығымызда отбасылық шығармашылық бағыт апталығы ұйымдастырылды. Апталық оқушыларды шығармашлық пен әдептілікке баулу мақсатын көздеді.
Қосымша білім беру – білім алушыға танымдық пен шығармашылықта тұрақты қажеттілікті игеруіне, өзін барынша дамытуға, кәсіби және жеке тұлға ретінде өзін тануға мүмкіндік беретін дәлелді орталық. Сол себепті, қосымша білім беру орталықтары бірталай білім мен дағдыларды меңгеруі тиіс, шығармашыл, белсенді және талапты болулары қажет. Балаларға қосымша білім беру ұйымдарының басқа білім беру орындарынан айырмашылығы – мұнда балаға қосымша ақпарат беріп қана қойылмайды, ең бастысы бала шығармашылық жұмыс істеуге тартылады.

2

Бірлестіктің қызықты апталығы аясында «Қылқалам» үйірмесінің педагогі Бекзат Асылбекұлы оқушылардың шығармашлық қабілетін арттыру мақсатында «Бояулар құпиясы» тақырыбында күз мезгіліне орай сурет байқауын өткізді. Ал, Ботагүл Зияденқызы оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру үшін «Күзгі қиял» тақырыбындағы шеберлік сағатын өткізсе, Рустем Алпамысұлы оқушылардың бойындағы өнерін ашу негізінде «Таланттар шоғыры» өнер байқауын ұйымдастырды. Нұрдаулет Сайлаубайұлы болса, ұлттық аспап – домбыраны ұлықтау мақсатында «Домбыра – асыл мұра» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Осы ааясында аруларымызға арналған «Күз аруы» байқауының өткенін де айта кеткен жөн.

Ұйымдастырылған барлық іс-шараларға белсенді қатысып, жүлделі орын алған оқушыларымыз орталығымыздың мадақтамаларымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Бала деген адамзат еңбегінің, білімінің бірін терең игереді және оған дағдыланады. Жас ұрпақтың дара ерекшелігін ескере отырып, олардың ойлау, шешім қабылдау, қорытынды ой-пікірін білдіруін, белсенділігін, танымдық қабілетінің дамуын, өзінің шығармашылық әрекетін жүзеге асыруын қалыптастыруына мүмкіндік туғызған жөн. Оқушылардың қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасалғанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп есептеймін.

Инабат ЖӘМЕЛОВА,
Қосымша білім беру орталығындағы
«Жанұя» клубының жетекшісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.