Дәл осындай тақырып аясында Қостанай гуманитарлық колледжінің кітапханашы мамандығының студенттеріне Н.Островский атындағы қалалық кітапхананың қабырғасында экскурсия ұйымдастырылды.

Кітапхана – оқырман үшін, жалпы ілім іздеген адам үшін сан мыңдаған жауһарлар тұрған киелі орда, тәрбие мен білім мектебі десек, қателеспейміз. Рухани әлемін байытқысы келген адам соған қажет дүниесін осы жерден табады. Кітапхананың құрылымымен кеңінен таныстыру мақсатында күндізгі және сырттай бөлімдердің студенттеріне «Кітапхананың құрылымына кіріспе», «Кітаптармен жұмыс істеу негіздері» және тағы да басқа атаулармен таныстыру сабақтарын өткізу дәстүрге айналған Осы мақсатта Н.Островский атындағы қалалық кітапханада жыл бойы оқырмандарға арналған экскурсия өтеді.
Тағылымды орданың қызметкерлері студенттерді кітапхананың барлық бөлімдері жұмысының тарихымен таныстырды. Кітапхана жанында жұмыс істеп тұрған өнерлі жастарға арналған «Тұмар» үйірмесі мен жас қаламгерлерге арналған «Толқын» шығармашылық студиясы және қарттарға арналған «Лада» клубтарының қызметі туралы ақпараттарды студенттер қызығушылықпен тыңдады. Сондай-ақ, студенттер назарына «Островкадағы» «өлкетану оқулары», «іс-шаралар fotoshezhіresі», «оқиғалар фотохроникасы», «Н.Островский баспасөз беттерінде» атаулы папкалары ұсынылып, таныстырылды.
Кітапхана студенттерге есте қаларлық кітаптар мен тақырыптық көрмелерді дайындайды. Оның ішінде, тұрақты түрде қойылатын «Президент Жолдауының беттерінен», «Ертеңі ерен еркін ел» көрмелеріден студенттер өздеріне қажет көп ақпарат алды. Сондай-ақ, экскурсия соңында колледж студенттеріне кітапхана туралы қажетті деректер қамтылған ақпараттық буклеттер таратылды.
Шынар МАКАНОВА,
Н.Островский атындағы
Қостанай қалалық кітапханасы
мемлекеттік тілдегі әдебиеттер
бөлімінің қызметкері
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.