Тұңғыш Президент күніне орай «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Шахмат» үйірмесінің жетекшісі Ғанибек Мәденовтың ұйымдастыруымен «Болашақтың ұтқыр ойлы ұрпағы» атты шахматтан турнир өтті.

Іс-шара оқушылардың шахмат ойынына деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, зейінділікті дамытуға ,әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Шахмат турниріне 2007-2014 жылы туған әр мектептен 2 оқушыдан қатынасты. Шахмат жарысы 2 тақтада өтті. Нәтижесінде бірінші тақтадан 1-орынды Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Ибрахим Фазыл, 2-орынды Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Ғинаят Бейсенбаев, 3-орынды Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Абылайхан Қалиден иеленді.

Екінші тақтадан 1-орынды Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Жанболат Қадыр, 2-орынды Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Айтолқын Олжабекова, 3-орынды Амангелді жалпы білім беретін ората мектебінің оқушысы Жантөреге Жұмағазин бұйырды.

Ең жас ойыншы Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Тимур Хайролла атанды. Командалық жарыс бойынша 1-орын Жаңа ауыл, 2-орын Ы.Алтынсарин, 3-орын Ә.Боранбаев атындағы орта мектептері иеленді.
Әнет ЖҰМАБЕК,
Амангелді ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.