Буллинг деген не және одан қалай қорғану керек?

Выпуск - №7 (555)   :   16.02.2023
13706

«Буллинг» сөзі ағылшын тілінің «bully», яғни «қорқыту» ұғымын береді. Буллинг – сөзбен, яғни психологиялық қысым көрсету немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені кемсітуі, қорлауы, үстемдік танытуы. Бүгінде буллинг әлем мектептерінде кеңінен таралып отыр.

Статистикаға сүйенер болсақ, еліміздегі балалардың шамамен 85%-ы әр буллингтің және киберқысымның неше түрлеріне ұшырайды. Бұл қазіргі заманның үлкен мәселесіне айналып отыр. Әсіресе, 11-15 жас аралығындағы әрбір бесінші қазақстандық жасөспірім бұзақылықтың құрбаны немесе қатысушысы болады. «Буллинг пен кибербуллингтен қалай қорғану керек?»: осы сұрақ аясында Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный ЖББ мектебінде 8-11 сынып ұл балалар арасында отырыс өткізілді. Мектеп психологы жасөспірімдерді буллингтің түрлерімен таныстырып, одан қалай қорғану керектігін айтып өтті.

Жалпы балалардың бір-бірін кемсітуі неден басталады? Буллинг мектепті аяқтағанша созылуы мүмкін. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қорқыту, кемсіту белгілі бір топқа біріккен оқушылардың өзінен ерекшеленетін баланы шеттетуден басталады. Балалар көбіне мінезі, ойлау жүйесі, сырт келбеті, өзге де бір ерекшелігіне байланысты кемсітілуі мүмкін. Осы тұста «Баланың буллингке ұшырағанын қалай байқауға болады?» деген орынды сауал туындайды. Буллингке ұшыраған балалар көбіне мектептегі жағдайларды ата-анасына айтуға қорқады. Қысым көрген баланың мінез-құлығында ұйқы мен тамақтану режимінің бұзылуы, өзінен кішілерге агрессиямен қарау, өзгелерден оқшалану, тез шаршау, тыныштықта ұзақ отыру, оқу үлгерімінің нашарлауы, мектепке барудан бас тарту, невротикалық белгілер тәрізді өзгерістер болуы мүмкін.

Жоғарыда аталған белгілерді баласының бойынан байқаған жағдайда ата-анасы не істеу керек? Бұл жағдайда онымен әңімелесіп, анық-қанығына көз жеткізген соң, бірінші кезекте қысым көрсеткен балалардың ата-анасымен сөйлесу қажет. Әңгімелесу нәтиже бермеген жағдайда, мектер директоры, психолог, учаскелік полицияны араластыруға болады. Бастысы, бала бұл туралы ата-анасына, мұғалімге айтуға құқылы екенін білуі тиіс. Ал қысымға ұшырамас үшін, бірінші кезекте, кез келген ата-ана баласымен ашық және жиі сөйлесіп тұруы қажет. Мектепте пәндердің қалай өткенін, дене шынықтыруда қандай жаттығулар жасағанын, қатарластарымен қарым-қатынасының қандай екенін, интернетте не істейтінін сұраған жөн. Сол сияқты буллинг тақырыбында көбірек сөйлескен жағдайда бала қатарластары туралы айтатын болады. Бала сіз тарапынан психологиялық және эмоционалдық қолдауды әрдайым сезінуі тиіс.

Енді буллингтің тағы бір түрі – кибербуллингке тоқталайық. Ол – интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып та адамды қорқыта алады. Мамандар кибербуллингтің, әсіресе, пандемия кезінде өршігенін айтуда. Жалпы екі жағдайда да жасөспірімдердің ұшырайтын психологиялық салдары депрессиядан, үрейдің күшеюіне және ауыр эмоционалды жарақатқа дейін жетуі мүмкін. Интернет қысымға ұшаған жағдайда не істеу керек?

Бұзақылықтың кез келген түрі сияқты, кибербуллингті дер кезінде анықтап, оған дұрыс жауап беру өте маңызды. Бірақ мұғалімдер әрқашан мектеп дәліздерінен тыс туындайтын және интерактивті чаттарда, блогтарда және жеке хабарламалардағы агрессияны біле бермейді. Жасөспірімдердің виртуалды қарым-қатынас кеңістігі мектептегі буллингтің жалғасы бола алады. Сондықтан алдымен баланың мінез-құлқына назар аудару қажет. Әрине, ұялы телефон мен интернетті пайдалануға тыйым салу – түйткілді шешудің жолы емес.

Біз балаларға міндетті түрде ғаламтор кеңістігін және ақпараттық технологияларды қалай пайдалану керектігін үйретуіміз керек. Бастысы құпиялылық параметрлерін орнатуға болады, қажет емес мазмұнды бұғаттауды үйрету керек және өзі туралы жеке мәліметтерді көпшілікке жарияламауын айту қажет. Сондай-ақ баланың қай әлеуметтік желіде отыратынын, қандай сайтты, қандай платформаны пайдаланатынын сұрап, сөйлеу мәнеріне назар аудару маңызды. Осы аталғандар түйткілді мәселенің алдын алуға септігін тигізеді деп сенемін.


Толқын ХУСАЙНОВА,
Мемлекеттік тілде
оқытатын Заречный
ЖББМ психологы,
Қостанай ауданы

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4