Кез келген мұғалім сабақ барысында әрбір оқушыны назарда ұстайды. Ең алдымен, таным-түсінігі жоғары, көптің назарын өзіне аудара білетін ерекше қабілетті оқушылар көзге түседі. Мұндай оқушылармен жұмыс істеу мұғалімге ерекше көңіл-күй сыйлайды деп ойлаймын.

Дарынды балалар үнемі ізденісте жүреді, білімге құштар, көкейіндегі сауалға жауап іздеуде әрдайым табандылық танытады, мағынасы терең сауалдарды жиі қояды. Мұндай оқушылар қалың ой үстінде жүріп, айналасындағы құбылыстарға қызығушылықпен қарайды. Біздің мектебімізде де сондай дарынды оқушылар аз емес. Оқушыларымыздың әрбір жетістігі үлкен еңбек пен көп ізденістің арқасында келетіні белгілі. Мектебіміздің сондай талапты оқушыларының бірі – Шахатова Әсел Мұратбекқызы. Оның бойында дарындылығына қоса еңбекқорлығы мен білімі үйлесім тапқан. Берілген тапсырманы өте жоғары дәрежеде орындайтын, жауапкершілігі мол оқушы.
Қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі сайыстардың жүлдегері. Ғылыми жұмыстар, пән олимпиадалары мен дебат сайыстарынан да биіктен көрініп келеді. Атап айтатын болсам, «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты республикалық ғылыми жобалар сайысынан 1-орынды иеленсе, «Ахмет Байтұрсынұлының Қазақстан ағартушылығына қосқан үлесі» атты қалалық ғылыми жобалар сайысынан 2-орынға ие болды. Қалалық «Бір ойым бар» сайысынан 1-орынды иеленсе, «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуына жастардың үлесі» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жүлделі 3-орынды иеленді. Пікірталас сайыстарында да өзінің тапқырлығымен көзге түсіп, «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты облыстық дебат турнирінде 2-орынды иеленіп, «Сенімді спикер» номинациясына лайық деп танылды.
Мектебімізде білім нәрімен сусындап жүрген жас жеткіншектеріміздің ғылыми жұмыс жазуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 18 ерікті мектеп клубтары іс-шаралар ұйымдастырып отырады. Сонымен қатар әрбір пән апталығы ұйымдастырылып, міндетті түрде ғылыми конференция өткізіледі. Онда ғылыми жұмыс жазу, тақырып таңдау мәселесі, теориялық бөлім мен практикалық бөлімнің жазылуы, зерттеу жұмыстарын жүргізе білу мен ғылыми жұмыстың безендірілуі және басқа да сұрақтар аясында оқушылар мен ғылыми жетекшілерге бағыт-бағдар беріледі.
«Дарынды жастар – ел болашағы» демекші, мектебімізде «Болашақ» атты оқушылардың ғылыми қоғамы жұмыс істейді. Оқу жылының басында Әсел Шахатова осы ғылыми қоғамның төрайымы ретінде сайланып, білгенімен бөлісіп, оқушылар арасында өзінің көшбасшылық қабілетімен де көзге түсе білді. Осындай білімді, дарынды оқушыларымыз көп болғай.
Гүлмира АУБАКИРОВА,
№19 ЖББ мектебі
директорының ғылыми ісі
жөніндегі орынбасары,
Рудный қаласы
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.