Сурет салу – бала дүниетанымының қарқынды дамуына септігін тигізеді. Бүлдіршіннің таным-түсінігі қалыптасып, заттарға назар салып қарау, заттар мен құбылыстарға талдау жасай білу, ұқсастықтары мен айырмашылығын ажырата білу қабілеті дамиды.

Бейнелеуші құралдарды игерудің бастапқы әрекеттері қалыптасады. Қарапайым заттар мен құбылыстарды бейнелей отырып, бала оларды таниды, алғашқы түсінігі қалыптасады. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дәстүрлі емес сурет салу әдістері арқылы дамытып, нәтижесінде сурет салуға деген қызығушылықтарын, дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту – өте жауапты іс. Баланың сурет салу дағдысын, логикалық ойлауы мен еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру жолында тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып отырған абзал.

Дәстүрлі емес тәсілді пайдалану кезінде баланың анықтау, зерттеу қабілеті қалыптасады. Бұл әдіс олардың бейнелеу өнеріне деген мотивациялық қозғаушы күштің рөлін арқарады. Яғни, балалардың «Суретті соңына дейін сала аламын ба?» деген қорқыныштары сейіле бастайды. Дәстүрлі емес әдіс кезінде көру және саусақ моторикасы жақсы дамиды. Жасөспірімдердің көпшілігі сурет салғанды ұнатады. Неге десеңіз, ол – шығармашылығын дамытудың бірден-бір жолы. Жалпы дәстүрлі емес сурет салу барысында бала түрлі әдіс-тәсілдермен танысады, эстетикалық сезімі дамиды. Түстердің алуан-түрлілігін ұғынады. Жеке және ұжыммен жұмыс істеуді, жұмысты соңына дейін жеткізуді үйренеді. Қиялын, елестетуін, ойлауын, зейінін жетілдіре отырып, көру, саусақ моторикасын дамытады.

Федоров ауданындағы балалар шығармашылық үйінде Катешова Айгерим Гафуровнаның жетекшілігімен 7-15 жас арасында «Колорит» үйірмесі ашылғандығы туралы оқу жылының басында хабарлаған болатынбыз. Бүгінде бұл үйірмеге 20-ға жуық оқушы қатысады. Олар тек сурет салуды ғана емес, қолдан әр түрлі бұйымдар жасауды да меңгеруде. Халықаралық, облыстық, аудандық, мектепшілік деңгейдегі жарыстардан жүлделі орындарға да ие болуда. Талантты әрі талапты жастар – біздің мақтанышымыз. Ал, әр ұстаз үшін еңбегінің ақталып, шәкіртінің биікке жеткенін көруден асқан бақыт жоқ шығар, сірә.
Назым БАТЫРБАЕВА,
Балалар шығармашылық
үйінің директоры,
Федоров ауданы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!