Елімізде жарияланған төтенше жағдайдың жаз мезгілімен тұспа-тұс келуі балалар үшін қиындық туғызғаны рас. Дегенмен «Балауса» жазғы сауықтыру алаңында ұйымдастырылған лагерь балаларды бір серпілтіп тастады.

Тамылжыған жаз. Биылғы үш ай демалысымыз тіптен өзгеше. Әрине, жұқпалы дерттің тарамауы үшін мемлекеттік деңгейде арнайы белгіленген санитарлық шаралар мен қатаң талаптарды сақтау қажеттілігіне байланысты оқушылар да әдеттегі жаз қызықтарынан бас тартса да, мектеп алаңында жаз қызығына бөленді. «Табиғатты аяла» атты тақырыпты қамтыған алаңдағы демалыс бір аптаға созылды. Баршамыз үшін әрине жеке денсаулық пен елдің амандығы маңызды.
Тәрбиешілер қауіпсіздік шараларын үнемі басты назарда ұстайды. Оның ішінде балалардың арақашықтықты сақтауын, қолдарын дезинфекциялап отыруын, маска киіп жүруін, яғни бала өмірінің қауіпсіздігі әркез тәрбиешілердің жіті назарында. «Өз еліңнің табиғатын білесің бе?» сұхбаты мен «Шебер қолдар» қолөнері онлайн түрде ұйымдастырылып, шебер балалар марапатқа ие болды. Сондай-ақ «Қала, аудан, ауыл, көшелер» презентациясы да онлайн түрде назарға ұсынылды.
Артынша А.У. Баймағанбетов ұйымдастырған спорттық ойындар оқушылардың көңілінен шығып, мәз-мейрам болып жатты. Міне, қысқа уақыт болса да Т.К. Хұсаинова, А.К. Кукенова, А.У. Баймағанбетов сынды мұғалімдердің тәрбиешілік етіп, қадағалауының арқасында мектеп алаңындағы лагерь көңілді нотада мәресіне жетті. Балалар да онлайн өткен шараларға белсене қатысып, қабілет-қарымдарын шыңдады. Ата-аналар да ұйымдастырылған ойындарға балаларымен бірге ат салысып, онлайн шаралар бойынша пікірлерін білдіріп жатты.
Әрбір оқушы IV тоқсанды тәмәмдаған соң, жазғы демалысын көңілді өткізуге тырысады. Көптеген балаларды жазғы демалыспен қамту үшін арнайы орындар ұйымдастырылды. Бірінші кезекте жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, сондай-ақ олимпиада, конкурс жүлдегерлері қамтылды. Санитарлық талаптардың сақталуы қатаң және тұрақты бақыланды. Әдетте қаланың баласы далаға, ауылдағысы қалаға қашады. Ондағысы – мектеп пен үйдің арасында өткен тоғыз айдың есебін түгендеу. Ал биыл бұл жоспар жүзеге аса қоймады. Енді жаңа оқу жылына қадам басқалы отырған балаларға қиын жағдайға қарамастан, бар мүмкіндікті тиімді пайдаланып, сапалы білім алу жолында бар күш-жігерін аямасын деп тілеймін.
Балауса БАЙҚАСЫНОВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный ОМ бастауыш
сынып мұғалімі,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.