Жаз айлары – балалардың толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтуларына, жаңа оқу жылын тың күшпен бастауларына қолайлы уақыт. Мектеп оқушылары үшін де бұл – ерекше ықыласпен күтілетін мезгіл.
.jpg)
Әрбір бала демалысты жанға жайлы, қызықты өткізуді армандайды. Сабақ барысында берілетін демалыс күндері жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Жазғы үлкен үзіліс ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларын денсаулығын бекіту, денесін шынықтыруы және де күш жинауы үшін беріледі. Бірақ бұл да оқушылардың рухани баю, өз күштерін тексеру және байқап көру, қоршаған ортаны игеру және түсіну уақыты.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
Балалардың белсенді демалысы әдеттегідей спорт-сауықтыру лагерьлерінде, шипажайларда, мектеп қарамағындағы жазғы сауытыру лагерлерінде өтеді. Мектептегі оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты: оқушылардың демалысын тиімді пайдалануына қажетті жағдайларды жасау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулықтарын нығайтуына, шығармашылығық еңбегіне, жеке қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, бос уақытын қызықты, әсерлі өткізілуін ұйымдастыру.
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный ЖББ мектебі оқушыларының биылғы жазғы демалыс орыны – Қостанай ауданындағы «Болашақ» балалар сауықтыру лагері болды. Бұл лагерге мектептен 25 оқушы барып, демалып келді. Жазғы лагерде қамқорлықтағы, патронаттық тәрбиедегі, аз қамтылған және көпбалалалы, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалар тартылды. Бекітілген жоспарға сәйкес, лагерь демалушылары күн сайын түрлі ертеңгіліктер мен мерекелік іс-шаралар өткізді. Лагерь тәрбиешілерінің алдындағы жауапкершілік өте үлкен. Демалыстың толыққанды қызықты өтуі тәрбиешілердің кәсіби шеберлігіне педагогикалық мәдениетіне, балаларды кызықтыра білуіне байланысты. Бұл ойындар жасөспірімдер мен балалардың денсаулықтарын шыңдай түсуіне септігін тигізумен қатар олар ұлтының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрін біліп өсулеріне, тілді дамытуға да жәрдемдеседі. Сонымен қатар оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке, жылдамдыққа, сабырлылыққа тәрбиелейді.
Біз көп нәрсені ұсақ-түйек санаймыз. Ал мән беріп қарасақ, жазғы лагерьлер – демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат құралы. Мәселен, балалар онда демалып қана қоймай, денсаулығын түзейді, қоршаған ортаны танып, еңбекке, достыққа бейімделеді. Туған жерінің орман-тауын, өзен-көлін, даласын көріп-білу және оның бар сұлулығын сезіну әрбір баланың бойында туған табиғатын аялай сүю, қорғау сезімдерін оятып, ұлттық сананың қалыптасуына алғышарт болады. Айналып келгенде, балаға бүгінгі жасалатын қамқорлық – елдің ертеңін ойлау мақсатынан туындайтыны түсінікті жайт.
Сандуғаш КАРМАНОВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный ЖББ мектебінің
әлеуметтік педагогі,
Қостанай ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.