Балалардың толыққанды демалып, денсаулықтарын нығайтуларына, жаңа оқу жылын тың күшпен бастауларына қолайлы уақыт – жаз айлары. Сол себепті де мектеп оқушылары жаз мезгілін, жазғы демалысты ерекше ықыласпен күтеді.

Ал оқу жылы аяқталып, жазғы демалыс келгенде әрбір бала оны жанға жайлы, қызықты өткізуді армандайды. Сабақ барысында берілетін демалыс күндері жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Мамандардың бағамдауынша, жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Жазғы үлкен үзіліс ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының денсаулығын бекіту, денесін шынықтырып, күш жинауы үшін беріледі. Бірақ бұл да оқушылардың рухани баю, өз күштерін тексеру және байқап көру, қоршаған ортаны игеру және түсіну уақыты.
Балалардың белсенді демалысы әдеттегідей спорт-сауықтыру лагерьлерінде, шипажайларда, мектеп қарамағындағы жазғы сауықтыру орындарында өтеді. Мектеп оқушыларының жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты – білім алушылардың демалысын тиімді пайдалануына қажетті жағдайларды жасау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулықтарын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің жеке-басы қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, бос уақытының қызықты әрі әсерлі өтуін ұйымдастыру.
Біздің Заречный мектебі оқушыларының биылғы жазғы демалыс орны – Қостанай ауданындағы «Болашақ» балалар сауықтыру лагері болды. Бұл лагерьге мектептен 12 оқушы барып, демалып келді. Жазғы лагерьде қамқорлықтағы, патронаттық тәрбиедегі, аз қамтылған және көпбалалы, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар тартылды. Бекітілген жоспарға сәйкес лагерь демалушыларына арнап күн сайын әр түрлі ертеңгіліктер мен мерекелік іс-шаралар өткізілді. Бұл тұста лагерь тәрбиешілерінің алдындағы жауапкершілік өте үлкен екенін айта кеткен ләзім. Демалыстың толыққанды қызықты өтуі тәрбиешілердің кәсіби шеберлігіне, педагогикалық мәдениетіне, балаларды кызықтыра білуіне де байланысты. Ойындар арқылы жасөспірімдер мен балалардың денсаулығын шыңдай түсумен қатар ұлтының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрін біліп өсулеріне, тілді дамытуға да жәрдемдеседі. Одан қалды оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке, жылдамдыққа, сабырлыққа тәрбиелейтіні тағы бар.
Біз көп нәрсені ұсақ-түйек деп санаймыз. Ал мән беріп қарасақ, жазғы лагерьлер – демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат құралы. Мәселен, балалар онда демалып қана қоймай, денсаулығын түзейді, қоршаған ортаны танып, еңбекке, достыққа бейімделеді. Туған жерінің орман-тауын, өзен-көлін, даласын көріп-білу және оның күллі сұлулығын сезіну – әр баланың бойында туған табиғатын аялай сүю, қорғау сезімдерін оятып, ұлттық сананың қалыптасуына алғышарт болады. Айналып келгенде, балаға бүгінгі жасалатын қамқорлық елдің ертеңін ойлау мақсатынан туындайтыны түсінікті жайт.
Сандуғаш КАРМАНОВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный ЖББМ
әлеуметтік педагогі,
Қостанай ауданы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!