Еңбекші ауылындағы жаз

Выпуск - №29-30 (425-426)   :   25.08.2020
593

Биылғы Төтенше жағдайға қарамастан, Қостанай ауданына қарасты Еңбекші ауылының негізгі мектебінің педагогтері оқушылардың жазғы демалыстарын көңілді өткізу мақсатында бірқатар бастамалар қолға алынды.

Кез келген баланың асыға күтетін мезгілі – жаз. Қызықты өмір, гүлденген өсімдіктер мен маусымның жылы күндері – бұның бәрі шуақты мезгілдің сипаттары. Сондықтан да жаз мезгілін әр адам асыға күтеді. Мектеп оқушылары үшін де жаз – ерекше маңызға ие. Оның сыры – 9 ай білім алып болған соң, көптен күткен үш айлық демалыстың басталуы. Биылғы карантин жағдайы үлкендермен қатар балаларды да біраз есеңгіретіп жібергені белгілі. Соған қарамастан оқушыларымыздың биылғы демалысының қызықты өтуі үшін тырысып бақтық.



Демалыстарына нәр беру мақсатында Еңбекші ауылының негізгімектебі «Аралға саяхат» атты жазғы алаңын айқара ашты. Балалардың денелерін шынықтыруы үшін спорт алаңы, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған шығармашылық алаңдар жұмыс істейді. Онда балалардың бірі сурет салса, бірі түрлі материалдардан бұйым жасап, жеке өнерлерін дамытуда. Жазғы демалыс алаңы балалардың доп қуып, әткеншек теуіп, көңілді демалып жатқан сәттеріне де толы болды.



Спорт алаңдарында шаршауды білмейтін балалардың асыр салып, ойнап жүрген дауыстарын естіп, «осы балалардан бақытты жан жоқ шығар» деген ойға келесің. Алаңсыз балалық шақ деген осы! Мектебіміздің алаңдары туралы айта берсем, әлі де жазар дүние жетерлік. Дегенмен айтар сөзімнің негізгі түйіні: балалардың ойнап-күліп, жазғы демалысты қызықты да көңілді өткізіп, денсаулықтарын нығайтып, мектепке жаңа күш-қуатпен оралулары үшін қолдан келер жағдайдың бәрі жасалды деп ойлаймын.

Гүлфира АРСТАНБЕКОВА,
Еңбек ауылының НМ
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қостанай ауданы

 

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!