Ел жастарға сенеді

Выпуск - №3(349)   :   18.01.2019
338

Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгін де елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлінуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқылануы –  оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындағын аңғартады. 


Ең әуелі жастар бойында рухани адамгершілік, саяси интелекттік, құқықтық тәрбие басым болғаны жөн. Қазіргі таңда мемлекеттік деңгейдегі форумдарда белсенді қазақ жастарының басы қосылып, жұртшылық алдында сөз сөйлеген жастарымыз ұлтаралық татулық пен қазақ халқының мәдени және тілдік ерекшеліктерін сақтай отырып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып жатқандығы көңіл қуантарлық жағдай. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздің борышымыз деп білем.


Осыған орай, Қостанай ауданының «Нұр Отан» партиясының  «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері Елбасымыздың саясатын қолдап, бізге артқан барлық жұмыстарды атқаруда. 

Қостанай аудандық «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері Қостанай ауданы тілдерді оқыту орталығымен бірлесе  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде, жастарды патриоттық сезімге, Отанды cүюге тәрбиелеу, батырлар туралы жырларды насихаттау мақсатында «Тұлпар мініп, ту алған» атты батырлар туралы ән фестивалін, жастарды мемлекеттік тілді насихаттау, латын қарпіне көшу саясатын қолдап насихаттау мақсатында «Біз латынды қолдаймыз» флеш-моб өткізді.


2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы деп жарияланды. Жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады. Осыған орай, Қостанай ауылшаруашылық колледжінің студентері, Мичурин орта мектебінің оқушылары мен  Глазуновка орта мектебінің оқушылары бірлесе «Жастар – Қазақстан болашағы» атты семинар-тренинг ұйымдастырды. Осы іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың негізгі рөлін анықтау, Елбасымыздың саясатын қолдап, жүзеге асыру бойынша жоспар құру болыпты.


Қорыта келгенде, бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр, – деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық. 

Әлия ЖАБАҚОВА, 
Қостанай аудандық «Нұр Отан» партиясының 
«Жас Отан» Жастар қанатының төрайымы

Реклама

Мир, в котором живет человек, зависит прежде всего от того, как его данный человек понимает, а следовательно, от свойств его мозга: сообразно с последним мир оказывается то бедным, скучным и пошлым, то наоборот, богатым, полным интереса и величия.

Умный человек и в одиночестве найдёт отличное развлечение в своих мыслях и воображении, тогда как даже беспрерывная смена собеседников, спектаклей, поездок и увеселений не оградит тупицу от терзающей его скуки.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.