Ерлік пен даңқты ту еткен қос мереке – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Қостанай қаласындағы Жеңіс саябағындағы мемориал алдындағы алаңда «Вахта памяти» акциясы өтті. Дәстүрлі шара жастардың патриоттық сезімдерін арттыруға бағытталған.
Ұйымдастырушылар биылғы іс-шараның ауқымы әлдеқайда кеңейіп отырғандығын айтады. Себебі биыл облысымыздың түкпір-түкпірінен 20-дан астам әскери-патриоттық бағыттағы клубтардың мүшелері, сондай-ақ орта мектептің оқушыларынан құралған «Жас сарбаз» сыныптары қамтылды. Ал іс-шараның ең құрметті қонағы ретінде – бүгінгі Жеңіс күнінің бірден-бір себепкерлері – Ұлы Отан соғысының ардагерлері Шаров Андрей Яковлевич пен Доценко Павел Васильевич арнайы шақырылды. Жиынға қос ардагеріміз бірдей келе алмағанмен, Андрей Яковлевич қатысып, жас ұрпақтың әскери бағыттағы дайындығын тамашалап, оларға ізгі тілегін білдірді.
– Сөзімді ұзаққа созбай, ең маңыздысына тоқталғым келіп отыр, – деп бастады сөзін Ұлы Отан соғысының ардагері Андрей Шаров. – Бүгінгі шараға болашақта елінің тыныштығын сақтар, біздің ізімізді жалғар жас ұрпақтарымыз жиналған екен. Сіздерге оқуларыңызды ойдағыдай тәмамдап, келешек үшін қазірден бастап еңбек етіңіздер дегім келеді. Ең бастысы, зор денсаулық тілейміз! Әрбір бастамаларыңызға сәттілік серік болсын! Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
«Қазақстан Республикасы әскери-спорт клубтарының федерациясы» ҚБ облыстық филиалы мен азаматтық-патриоттық бағыттағы «Наследие» клубының мұрындық болуымен өтіп жатқан патриоттық бағыттағы акция осымен 3-інші мәрте ұйымдастырылып отыр. «Наследие», яғни «мұра» мағынасындағы клуб «Северный» кітапхана филиалының жанынан құрылған. Осы акцияны ұйымдастыруға бастапқыда аталған кітапхананың меңгерушісі Разия Тасмағанбетова бастама болған. Ардагерлерге ыстық ықыласпен, ұйымдастырушыларға осындай маңызды іс-шараны өткізгені үшін шексіз ризашылықпен сөзін бастап:
– Бұл іс-шара – ұрпақтар сабақтастығы. Естелік, ар-ұждан және жанның мерекесі дер едім. Олай дейтінім, Жеңіс күні өскелең ұрпақтың санасында ғана естелік болып сақталып қоймай, олардың өн-бойымен бойлап, ар-ұжданы мен жанына жеткенін қалаймын. Өткен жолы тек балалар мен курсанттар қатысса, бұл жолы 6697 әскери бөлімі мен Қостанай облысының ҰҚК қызметі мен шекарашы сарбаздар қатысты. Сөзімізді шексіз жалғастыра аламыз. Дегенмен, бүгінгі біздің алдымыздағы басты мақсат – жастарға лайықты тәрбие беру, – деп атап өтті «Северный» кітапхана-филиалының меңгерушісі Разия Мухтаровна.
Патриоттықты ту еткен іс-шара аясында «Қазақстан Республикасы әскери-спорт клубтарының федерациясы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының төрағасы Александр Козлов та сөз сөйлеп, қатысушыларға алғысын білдірді.
– Келгендеріңізге рақмет! Осы іс-шараның лайықты түрде өткені үшін мың алғыс! Дәл осы күні Ұлы Отан соғысында елдігімізді ерлікпен сақтап қалған ардагерлеріміз біздің ортамызда отырғанына шексіз қуаныштымын. Енді олар, жас ұрпақ, мына сіздерге біздің ортақ жеңісіміздің эстафетасын табыстайды. Сол сұм соғыста ерлік көрсетіп, жеңіске жетпегенде, дәл осы күнімізге жетпес едік. Сондықтан да бүгінгі іс-шараға белсене қатысып отырған барша әскери-патриоттық клубтардың қатысушыларына, олардың жетекшілеріне алғыс айтамын, – деп атап өтті Александр Иванович.
«Вахта памяти» акциясы аясында Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Қостанай облысы бойынша Шекара қызметі департаменті бастығының орынбасары Төлеуханов Серік Қабдылгазинович Ұлы Жеңісті алып берген ардагерлерді құттықтап, құрметін білдірді. Патриоттық бағыттағы шарада қатысушылар Тазагүл Абдыкаримованың орындауында «Соғыстан қайтқан солдаттар» әні мен Евгений Панасюктың орындауында «От героев былых времен» әнін тыңдады. Ал Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің «Разведчик» клубының жігіттері әскери бағыттағы қойылым көрсетіп, көпшілікті таңғалдырды.
Жеңіс саябағының басты алаңында Қостанай құрылыс колледжінің «Тайфун», Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің «Разведчик», Қостанай политехникалық жоғары колледжінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубтарының курсанттары, сондай-ақ қаламыздағы Б.Момышұлы атындағы №5 ЖББМ кадеттері, қаламыздағы басқа да іргелі білім ордаларының қаз-қатар тізілген жас сарбаздары тағылымға толы шара соңында Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш-мемориалдың алдына гүл шоқтарын қойып, қан майданда ерлікпен қаза тапқан даңқты сарбаздарға құрмет көрсетті. Іс-шара оркестрдың сүйемелдеуімен өткен жас сарбаздардың салтанатты шеруімен аяқталды.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.