Ертегілер әлеміне сапар

Выпуск - №4(652)   :   31.01.2025
588

1

Саналы ұрпақ тәрбиелеу – әрбір педагогтің басты міндеті. Баланың ой-өрісін кеңейтіп, қиялын ұштап, тіл байлығын арттыруда педагогтердің сіңіретін еңбегі зор. Бұл бағытта білім беру жүйесінде балаларға қосымша білім беру орталықтарының маңызы ерекше.

Қосымша білім беру орталықтарында оқушылар өздерінің жаңа қабілеттерін ашып, жан-жақты дамиды. Әр бала бос уақытын өз қалауы мен талғамына сай өткізе алады. Бір оқушының биге икемі болса, енді бірі сурет салуды ұнатады, ал кейбірі актёрлік шеберлігін шыңдағысы келеді. Қосымша білім беру орталығында «Қуыршақ және театр» үйірмесінің педагогі болып қызмет атқарамын. Біздің үйірмеде оқушылар актёрлік қабілеттерін жетілдіру мүмкіндігін алады. Олар қолға киетін арнайы қуыршақтар арқылы түрлі ертегілерді сахналайды.
Біз қоятын ертегілер балаларды бір-біріне жақындастырып, олардың әртістік қабілеттерінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Балалар қуыршақтарды қолдарымен жасап, қызығушылықтарын арттырып, осылайша ертегі әлеміне саяхат жасайды. Рөлдерді орындауда икемді болуға үйретіп, өз бейнесін толық жеткізу, образға еніп көрсету – басты талаптардың бірі. Ертегі арқылы бала бойында мейірімділік, адамгершілік, қайырымдылық және басқа да игі қасиеттер қалыптасады.
Ертегілерді сомдау, танымдық әңгімелер тыңдау, өлеңдерді мәнерлеп оқу – осының бәрі біздің үйірмеде жүзеге асырылады. Балалар бірлесіп рөлдерді сомдау арқылы өзара достық қарым-қатынас орнатады. Бұл да, өз кезегінде, баланың өзіне деген сенімін нығайтып, өнерге деген оң көзқарасын қалыптастырады. Ерекше атап өтерлігі, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаларға әсері айрықша. Қиял – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі екені белгілі. Егер адамда қиялдау қабілеті болмаса, ғажайып өнер туындылары мен ғылымның жаңа жетістіктері болмас еді.
Балалардың дамуы үшін, алдымен, олардың қиялдай білу қабілетін арттыру қажет. Ал, ертегі баланы шыдамдылыққа, тапқырлыққа, еңбекқорлыққа баулиды. Ертегіні түрлі әдіс-тәсілдермен балаға жеткізу маңызды. Оны баяндай отырып, біз балаларды мұңаюға, шаттануға үйретеміз, оқиғалар арқылы қызықтырып, ой-қиялын дамытамыз, еркін сөйлеуге жетелеп, тіл байлығын арттырамыз, адамгершілікке, кішіпейілділікке, қамқорлыққа тәрбиелейміз. Балалар ертегілердегі жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен аулақ болуды үйреніп, жақсылыққа ұмтылады. Демек, ертегіден алынған тәрбие баланың келешегіне үлкен пайдасын әкеледі.

Жазира ТОНАШИНА,
Қосымша білім беру педагогі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.