Ғылым мектептен бастау алады

Выпуск - №6(554)   :   10.02.2023
524

Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Омбы мемелекеттік педагогикалық университетімен» бірлесе «Академия несуществующих наук» атты іс-шара өткізіліп, оған мектебіміздің 10, 11-сынып оқушылары қатысты.

Мектеп – адам баласының сауатын ашып, қараңғылықтан жарыққа бастайтын, көкірегін оятып, жанын нұрландыратын орын. Анасының ақ сүтімен дарыған тәрбиені біліммен шыңдайтын қасиетті мекен. Ата-ана баласын мектепке жетелеп әкелгенде, өзегін жарып шыққан перзентінен үлкен үміт күтеді. Сол үмітін ақтауына үлес қосады деп мектептің жүрегі саналатын мұғалімнің жетегіне ілестіреді. Мұғалім – мектептің жүрегі болса, сол мектептің жаны – оқушы. Білім ордасында өткізген уақыт ішінде балаға ғылымның түр-түрінен «ауыз тигізген» соң, оның қай салаға бейімі бар екенін байқап, соған жетуі жолында жағдай жасауымыз қажет.

Өткізілген іс-шара халықаралық достастықты оқу-ағарту, ғылым саласында нығайта отырып, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, креативті ойлау, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараның теориялық-мотивациялық бөлімінде «Ғылым академиясы» туралы, оның қазақ даласына ғылымның келу тарихы туралы, оның ішінде педагогика ғылымы жайлы сөз қозғалды. Педагогика ғылымын «қазақша сөйлеткен» алғашқы қазақ ғалымы М.Жұмабаев туралы, әлемдік педагогикада аты шыққан К.Ушинский, В.Сухомлинский сынды педагог-ғалымдар жайлы ақпараттар беріліп, қазақ даласынан шыққан Кеңес дәуіріндегі ғалымдар туралы айтылды.

Ал практикалық бөлімде оқушыларды өздерін ғалым сезіндіру мақсатында әлемде жоқ, бірақ болашақта пайда болуы мүмкін деген ғылымды ойлап табу әрі ол ғылымның мақсатын, зерттеу объектісін және негізін қалаушы ғылымдарды атау тапсырмасы берілді. Оқушылар өздерінің креативті қиял-ойларын презентация түрінде қорғады. Сонымен, болашақта қара материяны зерттейтін «Скатология», әлеуметтік желі арқылы оқыту және тәрбиелеуді зерттейтін педагогика саласы «Тикинфо», «IT-педагогика» және адам физиологиясының ақпараттық құралдармен байланысын зерттейтін «Гаджетология» ғылымы пайда болуы туралы болжамдар жасалды.

Елімізде өзекті мәселе болып отырған тіл мәселесіне де көрсетілген бейнематериалдар шешімін таптыратын жағдаят есебінде тарихи мағлұмат берді. Атап айтсақ, орыс педагогикасының атасына айналған К.Ушинскийдің Ресей империясында орыс балаларына орыс мектебінің ашылуына ықпал еткен тұлға болғандығы жайлы, Ресей империясында орыс тілінің жағдайының қазіргі Қазақстандағы қазақ тілінің тағдырымен ұқсас тұсы көңілге ой ұялатты. Мәселен, К.Ушинский бастамасына дейін мектептерде білім француз тілінде берілетін. Тіпті, А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романындағы басты кейіпкер Татьяна Ларинаның ойын орысша әрең жеткізетіндігі бейнеленген.

Оқушылар өздерінің ғылыми болжамдары аясында педагогиканың салаларын дамытудың маңызы зор екенін тілге тиек етті. Мұндай сараптамаларды олар пандемия уақытына мұғалімсіз білім алудың қиындығын сезінген кездерінде жасағанын және адамзат кез келген жағдайда білім алуды тоқтатпауы керектігін, мұғалімсіз білім алудың түрлі әдіс-тәсілдерін ойлап тауып, заманға сақадай сай болу керектігін айтты. Кешегісі мен бүгіні ұштасқан іс-шара бала мен үлкендердің ой алмасуына бағытталып, ашық пікір алаңына айналды.


Жансая НАЙМАНБАЕВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназияның
орыс тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!