Бүгінгі қоғам – ақпараттық құралдар қоғамы екені рас. Осыған орай Меңдіқара ауданындағы балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің қосымша білім беру орталығында «Жас қаламгер» үйірмесі өз жұмысын бастаған-тын.

Мектеп оқушылары қазір заманауи құралдар мен жабдықталған, қаншама ақпараттық орта мен байланыс жасап отыр. Олар: түрлі телеарналар, ғаламтор желісі, мерзімдік басылымдар, т.б. Осы орайда өз жұмысын бастаған үйірме оқушылары қазіргі таңда бос уақыттарын тиімді пайдалана отырып, қоғамның ақпараттық, рухани медиасымен сусындап, аудандық, облыстық, халықаралық сайыстардан жүлделі орындардан көрініп жүр.
Жақында «Халықаралық тәрбиешілер мен зияткерлік балалар ғылымдар академиясы» ҚҚ ұйымдастыруымен «Абай оқулары» атты оқушылар мен студенттер арасында қашықтықтан өткен халықаралық әдеби байқауда Абай атамыздың қисса-өлеңдерін мәнерлеп оқудан ІІ орын иеленген 6 «А» сынып оқушысы Серікбай Азат Медетұлы соның дәлелі. Үйірме жұмысына келер болсақ, ақпараттық құралдар және олардан алынатын сансыз мәліметтермен жұмыс істеуге деген оқушы бойындағы аса үлкен қызығушылық шығармашылық жұмыспен ұштастырылып, нақты мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Үйірмеде балалар сөз өнері, қызықты ақпараттар жинау, материалдардың құрылымы, алғашқы нұсқасы және өңдеу, жазу процесі, жауапкершілік пен этика, журналистика жанрлары туралы мағлұмат алумен қатар шығармашылық жұмыс түрлеріне машықтанады. Оқушылардың жазған мақалаларының жетістігі мен кемшілігі талданып, тұлғаның кәсіби дамуына ықпал жасалады. Іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, танымдық, шығармашылық жұмысқа баулып, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік туады. Сондай-ақ үйірме оқушылардың әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелейді, рухани дүниесін кеңейтеді, ақыл-ойы мен ұлттық сана сезімін дамытуға ықпал етіп, ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін дамытады.
Оқушылардың қазақ тілі, әдебиеті мен ана тілі сабақтарына қызығушылықтарын арттыратын үйірмеге тілге шешен, өз беттерімен шығарма жазуға, өлең шығаруға икемдері бар, шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін сезініп, аша білетін оқушылар тартылады. Үйірменің оқу материалына халық ауыз әдебиеті үлгілерін (аңыз-әңгімелер, өлең-жыр, шешендік сөздер, мысал, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, ертегі, т.б.) сабақ мазмұнына сай енгізу баланың алған білімін толықтырып, байытып, жан-жақты дамуына дәйекті ықпал етеді. Сондықтан сыныптан тыс үйірме сағатында ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтін тұлғаны дамытып, оқуға деген қызығушылықтарын оятып, адамгершілікке, ізгілікке, сыйластыққа тәрбиелеп, еркін дамуына жол ашу көзделеді.
Айдос ҚОСТАНАЙ,
Балалар және жасөспірімдер
шығармашылық үйінің
қосымша білім беру педагогі,
Меңдіқара ауданы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!