Білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды өзгелермен қатар оқытуға мүмкіндік беретін инклюзивті білім беру ісі елімізде қарқынды дамып келеді. ҚР-ның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының басты міндетінің бірі – инклюзивті білімді дамыту.
.jpg)
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Заң ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың қолжетімді білімге құқықтарын кемсітусіз іске асыруға және оларды оқытудың барлық деңгейлерінде инклюзивті білім берумен қамтамасыз етуді көздейді. Білім беру саласында енгізіліп жатқан реформалар, ең алдымен, еңбек нарығындағы жаһандық бәсекелестікке төтеп бере алатын құзыреттілігі жоғары кадрлық әлеуетке деген қажеттілікпен тікелей байланысты.
.jpg)
Бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыру жолында басты үміт мұғалімдерге жүктеледі. Еліміз үшін лайықты азаматтарды тәрбиелеу – педагогтердің алға қойған басты мақсаты екені анық. Бүгінгі бала – ертеңгі азамат болғандықтан, сол азаматты болашақ өмірге бейімдеу – білім беру ұйымдарының негізгі міндеті. Бұл міндетті іске асыру, ең алдымен, балалардың зияткерлік, әлеуметтік, физикалық, эмоционалды, психикалық қажеттіліктеріне қарамастан, білім алу үшін тең мүмкіндіктер жасауды білдіреді. Осындай қолайлы ортаны құру процесі көпқырлы және ол инфрақұрылымды құру, арнайы жабдықталу, оқу процесінің барлық қатысушылары – мектеп мұғалімдері, мамандары, ата-аналар мен балаларды даярлау шараларын қамтиды.
.jpg)
Еліміздің 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында инклюзивті қоғамды дамыту үшін кең ауқымды іс-шаралар қарастырылған. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін инфрақұрылым құру мәселесін шешу міндеті қойылды – ол оңалту орталықтары мен инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттерін ашу.
.jpg)
.jpg)
Бұл күндері өңірде ерекше білімге қажеттігі бар балаларға қолайлы кеңістік құру үшін инклюзивті білім берудің 2 ресурстық орталығы және инклюзивті білім беруді қолдаудың 4 кабинеті жұмыс істейді. Аталмыш кабинеттердің ашылуы «Қамқорлық», «Болашақ», «Дара» қоры арасындағы ынтымақтастық келісім және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асты. Облыстық білім басқармасы соңғы 4 жылдан бері бұл қорлармен ортақ мақсатта бірлескен жұмыстар жүргізуде.
.jpg)
Инклюзивті қолдау кабинеттерінде оқушылардың жан-жақты білім алуы мен дамуына қажет жағдайлар жасалған. Нақтырақ айтар болсақ, кабинет заманауи көрнекі жабдықтар, ерекше балаларға арналған құралдар, бала санасына жылдам әсер ететін, олардың қабілетін жоғарылатуды қамтамасыз ететін оқу-әдiстемелiк материалдар, мамандандырылған жиһазбен жабдықталған. Мұндай кабинеттердің ашылуы ерекше қажеттіліктері бар және үйде оқытылатын балалар үшін жалпы білім беретін мектептегі оқуды барлық балалармен бірге қолайлы ортада бастауға мүмкіндік беріп қана қоймай, өңірімізде инклюзивті білім беруді дамытып, инклюзия мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
.jpg)
.jpg)
Осылайша, ашылып жатқан кабинеттер Қостанай облысының инклюзивті білім беру процесін жүзеге асыру бойынша айтарлықтай маңызды рөл атқарып жатқаны сөзсіз. Ерекше балалар әлемін тереңірек танып, олардың әлеуметтенуіне қажетті жағдайларды жасау – біздің жұмысымыздың мәні. Осы жолда талмай ертелі-кеш жұмыс атқарып жатқан барлық мамандарға үлкен алғыс білдіре отырып, олардың ауыр да игілікті еңбектеріне табыс тілеймін.
Арайлым АБДИГАЛИЕВА,
п.ғ.м., «Қостанай облысы әкімдігінің
білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі
және жалпы орта білім беру
әдістемелік кабинеті инклюзивті
және арнайы білім беру
бөлімінің аға әдіскері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.