Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Интернат – тәрбиенің қайнар көзі

Выпуск - №9 (456)   :   09.03.2021
1093

Жас ұрпақты білімді де тәрбиелі, ісіне деген сенімі нық, денсаулығын мықты етіп тәрбиелеу – басты міндет. Осы мақсатта Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі жанындағы интернатта айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.

Интернат 80 орындық тәрбиеленушіге арналған. Жаңа оқу жылында интернатта Воробьевка, Темірқазық, Қызылағаш, Осиповка, Бозбек, Щербаков ауылдарынан оқушылар тәрбиеленуде. Мектеп жанындағы интернат ұжымы жеке адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып, осы заманғы қоғамдық талап деңгейінде алдын ала белгіленген жоспар бойынша жұмыс істейді. Осы орайда біздің интернатта тәрбие жұмыстары ата-аналармен, ұстаздармен бірлесіп жүзеге асырылуда. Сондай-ақ тәрбиешілердің әдістемелік бірлестігі жұмыс істейтінін де айта кеткен ләзім.
Балалар жас ерекшеліктері бойынша топтарға бөлінген интернатта тәрбие жұмысының негізгі сегіз бағыты белгіленіп алынған. Тәрбиешілер өз тобының мақсаты, міндеті бойынша жұмыс жүргізеді. Интернатта оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы жұмыс істейді. Бұл ұйымның мақсаты, міндеті, жауапкершілігі, құқығы бар. Интернатта жүргізілген шаралардың барлығы осы ұйымның араласуымен өткізіледі. Тәрбиешілердің берген бағыты бойынша барлық мерекелік іс-шаралар ата-аналар мен мектеп ұстаздарының қатысуымен өткізіледі. Мұнда тәрбиеленушілердің бос уақытын ұйымдастару жұмысы да жақсы жолға қойылған. Яғни, бала әр күнін сапалы, пайдалы өткізу үшін олармен психологиялық тренингтер, әңгімелер, пікір сайыстар, түрлі ойындар, спорт жарыстары өткізіліп отырады.
«Ана тілім – түп қазығым, байлығым», «Менің Отаным – Қазақстан» бұл тәрбиелік іс-шара өткізудегі бағыт тәрбиеленушілерді отансүйгіштікке, ана тілін құрметтеуге, өз тілін жетік меңгеріп, қастерлеуге, адамгершілікке, әдептілікке, туған елдің тарихын, ерлік дәстүрін құрметтеп, оны қорғай білуге үйрету мақсатында өткізіледі «А.Құнанбаевтың туғанына 175 жыл», «Ұстазым өзіңмен мақтанамыз» тақырыбында іс-шаралар оқушылардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіре отырып, ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес екенін түсіндірді. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек екенін тағы бір рет түсіндіріп, мақсатын айқындадық.
«Арайлы алтын күз» мерекесі – берекелі, жаздай өсірген дәнді-дақылдарымызды ысырапсыз жинап, диқаншылардың маңдай терін бағалап, еңбекке баулитын мейрам. Сонымен қатар саламатты өмір салтын сақтау, ішімдік пен ншақорлықтан аулақ жүру үшін ұлдар «Шынықсаң, шымыр боласың» көңілді спорттық сайыстарымен шағын футболға, қыздар шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, волейбол жарыстарына қатыстырып отырады. Тәрбиеленушілер спорттық секциямен бірге өнер мектебінде домбыра, би, вокал үйірмелеріне қатысады. Біз өзімізге сеніп тапсырған әр ата-ананың үміт күтетін перзентін тек саламаттылыққа бейімдеп, әдеппен сөйлеуді, үлкен-кішіні сыйлауды үйретіп қана қоймай, тұлғаның бойына игі іс-әрекеттер мен адамгершілік қасиеттер алтын арқау болып өрілсе екен дейміз.

Сәуле ДОСОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Обаған ОМ жанындағы
интернат меңгерушісі,
Алтынсарин ауданы

 

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.