Қабілетті жастар сан қырлы бекетте

Выпуск - №26-27 (473-474)   :   11.08.2021
249

«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай, «Салют, Нұр-Сұлтан!» атты балалардың қалалық шығармашылық мерекесі болып өтті.

Іс-шараға қала мектептері жанынан құрылған демалу лагерлері қатысты. Мерекелік шара жастарға бас қаланың маңызын түсіндіру, туған елдің астанасын мақтан ету, дәріптеу, әсемдігі мен сәулетін жырлау, паш етуді көздеді. Шараның салтанатты ашылуында жас өнерпаздар өнерлерін ортаға салып, бас қалаға ән арнап, патриоттық флешмоб билерін де тарту етті. Мерекелік іс-шараның салтанатты ашылуынан кейін балалар шығармашылық алаңдарға тарады.

Біздің еліміздің әсем табиғаты мен ерекше құрылыс нысандарын қылқалам өнерімен бейнелейтін «Жазғы Вернисаж» пленэр сурет салу бекеті де ұйымдастырылды. Балалар шығармашылық шабыттарын сурет салу арқылы өз деңгейінде көрсете білді. Арасынан үздік деп танылғандар марапатқа да ие болды. Тағы бір қызықты кезең «Бірге көңілді ойнайық!» ойын ойнау бекетінде өтті. Онда шарлардың ішіне Нұр-Сұлтан қаласы жайлы жазылған сұрақтар жасырылған. Оқушылар шарды жару арқылы, сол сұрақтарға жауап беріп, ерекше белсенділік танытты. Артынша оқушылар екі топқа бөлініп, топтық ойын барысында жеңімпазды анықтады.

«Су – тіршілік көзі» демекші, әсіресе жаз мезгілінде суға жүзу пайдалы. Біздің «Жас-Ұлан» БЖО орталығында бассейнге келушілердің қатары қалың. Осыған орай оқушылар арасында «Суда жүзу» бекетін де ұйымдастыруды жөн көрдік. Аталмыш бекетте оқушылар бассейнде суға жүзуден жарысып, шапшаңдығы мен бар өнерлерін сарапқа салды. Ересектер суға жүзуден ең мықтыны анықтаса, жасы кішкентай сүңгуірлер судағы көңілді мәре ойындарын ойнады. Ал өзіндік ерекшелігімен ұйымдастырылған «Балықшы мен балық» ойыны да қызықты өтті.

Шара барысында спорттық ойындарға да оқушылар белсене ат салысты. «Тәні саудың – жаны сау» демекші, оқушыларға арнап спорттық ойындар бекеті де ұйымдастырылды. «Жастықпен қағып түсіру» сайысы арқылы білек күші анықталса, «Аңшы мен үйрек» ойынында жылдам, шапшаң қимылдайтын оқушылар көзге түсті. Ал «Шыңға шығу» скалодромдағы сайыс бекетінде балалар ептілікті қажет ететін спорт түріне қанықты. Өздеріне қажет биіктікті бағындырып, қарсыластарынан озық шыққан оқушылар марапатқа ие болды. Жартасқа өрмелеп, шыңды бағындыру да өнер болғандықтан, бұл спорт түрі ерекше ептілікті қажет етеді. Оқушылар алдағы уақытта да жартасқа өрмелеуге келетінін айтып, жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Осы бекеттер бойынша барлық қатысушылар белсене ат салысты. Өздерінің табандылығы мен қажыр-қайратын көрсете білді. Мерекелік шара соңында балалар елордаға арнап жыр шумақтарын тарту етіп, бас қаланы әнге де қосты. Іс-шараға белсене ат салысқан балалар мақтау қағаздарымен марапатталып, тәтті сыйлықтарға ие болды. Мерекелік шара одан әрі акт залда Қазақстан Республикасының астанасына 3D-экран арқылы экскурсияға ұласты. Жиналған балалар Нұр-Сұлтан қаласының керемет табиғаты мен ерекше нысандарына шолу жасап, саяхаттап қайтқандай әсерде қалды. Жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтай отырып, іс-шараға ат салысқан балаларға алғыс білдіреміз!

Сымбат ДЕМЕСИНОВА,

«Жас-Ұлан» БЖО

«Ботақан» балалар

телестудиясының жетекшісі,

Арқалық қаласыСымбат ДЕМЕСИНОВА,

«Жас-Ұлан» БЖО

«Ботақан» балалар

телестудиясының жетекшісі,

Арқалық қаласы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!