Қазіргі карантин режиміне байланысты барлық іс-шаралардың онлайн өтіп жатқандығы белгілі. Біздің де «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында балаларға арналған шаралар онлайн форматта өткізілуде.
Қандай сайыс болмасын ата-аналар мен ұстаздардың, әсіресе оқушылардың қызығушылығы зор. Жақында жаз тақырыбы туралы қаламыздағы оқушылар арасында үздік шығарма, үздік өлең шумақтары, үздік фото, үздік суреттер бойынша онлайн жарыс өтті. Қабылданған жұмыстар инстаграмм желісіндегі ark.vozhat_dvizh және duczhasulan парақшаларында көрсетілген мерзім бойынша үздіксіз жарияланып отырды.

Жіберілген шығармашылық жұмыстың мазмұны мен салынған суреттердің сапасына қарай нәтижесі шығарылды. Жаз мезгіліндегі ойын уақытына қарамастан, шығармашылық жұмыстарын балалар өте мазмұнды түрде орындап жолдады. Жүректен шыққан өлең шумақтары да жоғары деңгейде жазылған. Жаз мезгілінің керемет тылсым сырлары мен табиғатын бүкпесіз суреттеген суретшілердің де еңбегі орасан. Жазғы фотосуретте де оқушылар өз фантазияларын мейлінше жоғары деңгейде көрсеткен. Бір-бірінен асып түсетін кадрларға қарап таңғалмау мүмкін емес.

Соған орай бізде өз еңбектерін жолдап, ерекше көзге түскен оқушыларға алғыс білдіреміз. Атап айтар болсақ, «Шығармашылық» аталымы бойынша үздіктер: Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушылары Фариза Исмағанбетова, Сүндет Болатбек, Дарина Тюзюльбаева, №5 мектеп оқушысы Дильназ Мұратбек, №1 мектеп оқушылары Меруерт Максим, Құндыз Тоқтарбек, Айым Құдайберген, №10 мектеп Нұргүл Дүйсебек, №6 мектеп-гимназиясы Төлеу Жеңіснұрова, №10 мектеп оқушысы Полина Рыжова, №4 мектеп оқушысы Руслан Абдисалам.

«Үздік суретшілер» аталымында Ы.Алтынсарин атындағы гимназия оқушылары Дзюба Анжелика, Даниял Аманғалиев, №1 мектептен Кәусәр Сайлаубек, №10 мектептен Алим Айгерим және Даяна Нұрғалиева. Ал «Үздік фотосурет» аталымында бастауыш гимназиядан Ксения Лурикова, №10 мектептен Варвара Майорова, Захар Пац, №1 мектептен Снежана Құдайберген, №10 мектептен Данил Погорелов, №6 мектеп-гимназиясынан Айша Хамзина, Ы.Алтынсарин атындағы гимназиядан Нұрай Ибрагим, Әлішер Байзақов, №5 мектептен Айбота Мұратбек, Әділ Мұратбек, Дильназ Мұратбек, №6 мектеп-гимназиясынан Саян Жеңіснұр иеленді.
Таңшолпан САМАТОВА,
«Жас-Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер орталығы
«Жас қалам» жас журналистер
үйірмесінің жетекшісі,
Арқалық қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!