Қазақстан балалары шексіз әлемде

Выпуск - №8 (455)   :   25.02.2021
458

Амангелді ауданының білім бөлімі облыстық балалар киносы байқауының аудандық кезеңін өткізді. Байқау балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Кино және теледидар саласында дарынды балалар мен жастарды іздеу, заманауи өнердің озық үлгілерін игеруге баулуды көздеген байқау «Деректі кино», «Ойынды кино», «STOP-MOTION видео», «Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім», «Анимациялық кино», «Музыкалық клип», «Киножурнал», «Ең үздік операторлық жұмыс» жанрлары бойынша сырттай өтті. Онда аудан және ауылдық округтегі білім ошақтарының дарынды оқушыларымен қатар «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында қосымша білім алатын жас дарындар бақ сынасты.
Байқауға әр номинация бойынша кез келген жанрдағы және шығармашылық шешімдерден тұратын 3 минуттық қысқа метражды фильмдер қабылданды. Қатынасушылар жұмыстарын бейнекамералар және ұялы телефондарына түсірген. Нәтижесінде «Музыкалық клип» жанры бойынша І орынды «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының оқушысы Ерназ Қабдыхамитов, ІІ орынды Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ оқушысы Нұрай Есенаман, ІІІ орынды Жасбуын ЖББМ оқушысы Әлішер Мұханбетқали иеленді.
«Анимациялық кино» жанры бойынша І орынды Құмкешу ЖББМ оқушысы Айым Жақсылықова иеленді. «Телевизиялық сюжет» жанры бойынша І орынды Жасбуын ЖББМ оқушысы Жансая Төрежан, ІІ орынды Ә.Боранбаев атындағы ЖББМ оқушысы Динара Махат, ал ІІІ орынды Құмкешу ЖББМ оқушысы Эльнура Мұхамбетқали иеленді. «Ойынды кино» жанры бойынша І орынды «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының оқушысы Ғибрат Меңдібаев, ІІ орынды Ы.Алтынсарин атындағы ЖББМ оқушысы Нұрсұлтан Әнуарбек иеленді.
«Киножурнал» жанры бойынша І орынды Ә.Боранбаев атындағы ЖББМ оқушысы Мұхаммеднұр Бақытжан, ІІ орынды Құмкешу ЖББМ оқушысы Ділназ Қабсалықова, ІІІ орынды Рассвет НМ оқушысы Қарақат Әбдіғалым иеленді. «Деректі кино» жанры бойынша І орынды «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының оқушысы Карина Жолдыбек, ІІ орынды Б.Қолдасбаев атындағы ЖББМ оқушысы Әлихан Темірханов, ІІІ орынды Тасты ЖББМ оқушысы Марал Қабдрашова иеленді.
«Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім» жанры бойынша І орынды А.Нұрманов атындағы ЖББМ оқушысы Ханзада Құланбай, ІІ орынды Тасты ЖББМ оқушысы Айша Шорманқызы иеленді. Ал «Ең үздік операторлық жұмыс» жанры бойынша І орынды Тасты ЖББМ оқушысы Кристина Топольская, ІІ орынды Рассвет НМ оқушысы Әзілхан Әбдіғалым иеленді. «STOP-MOTION видео» аталымы бойынша жүлделі І орынды А.Нұрманов атындағы ЖББМ оқушысы Арсен Нағашыбай олжалады.
«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносы байқауының облыстық кезеңіне жүлделі І орын алған жеңімпаздар жолдама алды. Жеңімпаздардың жасаған жұмыстарының мазмұнына тоқтала кетейін. «Деректі кино» жанры бойынша Карина Жолдыбектің «Дала шамшырағы» атты жұмысының сюжетінде Ы.Алтынсарин жайлы ақпараттар айтылып, зерттеушілердің ойлары, ұлы ағартушының өмірбаяны суреттеледі. Ақын Ақылбек Шаяхметов пен ақын, Ыбырайтанушы Серікбай Оспанов ашық сұхбат жүргізіп, өз ойларын ортаға салады. Фильм Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған.
«Ойынды кино» жанры бойынша Ғибрат Меңдібаевтың сюжетіндегі басты кейіпкер – «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Мәнерлеп оқу» үйірмесінің жетекшісі Айдос Жанайұлы. Бұған дейін «Qostanai» телеарнасында жұмыс істеп, ұстаздың туған жері Амангелді ауданына келіп, ізінен ерген жас жеткіншектерді құдіретті сөз өнеріне, көркем сөз оқуға тәрбиелеудегі алғашқы еңбек жолы киноға арқау болған. Фильмде дауыс және дикциясының қыр-сырын үйренуге әр мектептен оқушылар келіп, дайындап әкелген шығармаларын мәнерлеп оқиды. Артынша Айдос оқушылардың өнерін жақсы бағалап, үйірмеге қабылдайды. Оқиға оқушылардың көзінінен көрінген қуаныш сезімімен аяқталады. Автор оқушылардың еліне, жеріне деген махаббаттын оятуды көздейді.
«Музыкалық клип» жанры бойынша Ерназ Қабдыхамитовтың М.Мақатаев «Ана, сен бақыттысың!» атты өлеңіне түсірген бейнебаяны барысында ананың балаға деген, баланың анаға деген махаббаты, сүйіспеншілігі бейнеленеді. Ал «STOP-MOTION видео» жанры бойынша заманауи технологиямен құрылған видео, сюжетті шығармасы фотокамерадан түсірілген кадрларды тізбектей монтаждалатын ролик көрсетілген. «Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім» жанры бойынша Ханзада Құланбайдың бейнеөнімінде қалың көрермен аудиториясының назарын қоғам мәселелеріне аудару үшін қысқа жарнамалық хабарлама беріледі.
«Анимациялық кино» жанры бойынша Айым Жақсылықованың жұмысы кішкентай роботтар арқылы дыбысталып, мультипликациялық кино ретінде түсірілген. «Ең үздік операторлық жұмыс» аталымында Кристина Топольскаяның еңбегі топты жарды. «Телевизиялық сюжет» жанры бойынша Жансая Төрежанның жұмысында Қарасу ауылындағы Жасбуын мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалып жатқан игілікті істер, мектеп түлектерінің ауылына деген шексіз қолдаулары суреттеледі. «Киножурнал» жанрында Мұхаммеднұр Бақытжанның сюжетінде қазіргі өмірді бейнелейтін жеке көріністер «Маскасыз бір күн» тақыбында әлемді жайлаған індетке байланысты медициналық маскасыз жүрудің не нәрсеге апарып соғатыны айқын көрсетілген.
Классикалық және заманауи өнердің озық үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткен байқау ерекше әсер қалдырды.


Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық
орталығының көркемдік жетекшісі,
Амангелді ауданы

 

Реклама

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».