Көңілді әрі пайдалы жазғы лагерь

Выпуск - №30-31(627-628)   :   16.08.2024
1049

2


Жаз айлары басталысымен, білім беру мекемелерінің жанынан жазғы лагерьлер ашылады. Бұл – оқушылардың демалыс уақытын тиімді әрі қызықты өткізудің бірден-бір жолы. Жыл сайын аталмыш лагерьлер ерекше сән-салтанатпен ашылу концертін ұйымдастырады.
Солардың бірі – Қостанай ауданында ашылған «Болашақ» жазғы демалыс лагері. Лагерь маусымның 11-і мен 20-сы аралығында жұмыс істеді. Жазғы демалыс орнында біздің мемлекеттік тілде оқытатын А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары жазғы уақыттарын көңілді өткізді. Олардың ішінде көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары да қамтылды.
Балалардың демалуына барлық жағдайлар жасалған. Олардың емін-еркін ойнауына арналған арнайы жабдықталған алаңдар мен бөлмелер, ойын-сауық құралдары да толықтай қамтылған. Демалушылар музыкалық, спорттық, шығармашылық және интеллектуалдық сайыстарға да белсене қатысты. Қай-қайсысымен әңгімелессең де, жаз мезгілін жыл сайын асыға күтетінін, мектеп жанындағы лагерьге келу арқылы көп дос табатынын, түрлі іс-шараларға қатысып, көңіл көтеретінін айтып, мәз-мейрам болысады. Осылайша, лагерьдің әр күні мәнді де сәнді өткенін жарыса әңгімелейді.

1


Жазғы үлкен үзіліс – ұзақ оқу жылынан кейін мектеп оқушыларының денсаулығын бекіту, денесін шынықтырып, күш жинауы үшін беріледі. Бірақ, бұл – оқушылардың рухани баю, өз күштерін тексеру және байқап көру, қоршаған ортаны игеру және түсіну уақыты деуге болады. Балалардың белсенді демалысы әдеттегідей спорт-сауықтыру лагерьлерінде, шипажайларда, мектеп қарамағындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде өтеді. Мектептегі оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты: оқушылардың демалысын тиімді пайдалануына қажетті жағдай жасау, саламатты өмір салтын қалыптастыру арқылы олардың денсаулығын нығайтуына мүмкіндік туғызып, шығармашылығық еңбегіне, жеке қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етіп, бос уақыттарының қызықты, әсерлі өтуін ұйымдастыру.
Бекітілген жоспарға сәйкес, лагерь демалушыларына күн сайын әртүрлі ертеңгіліктер мен мерекелік іс-шаралар өткізілді. Әрине, лагерь тәрбиешілерінің алдындағы жауапкершілік өте жоғары. Себебі, демалыстың толыққанды қызықты өтуі тәрбиешілердің кәсіби шеберлігіне, педагогикалық мәдениетіне, балаларды кызықтыра білуіне тікелей байланысты. Өткізілетін ойындар мен түрлі қызықты жаттығулар, көңілді іс-шаралар жасөспірімдер мен балалардың денсаулықтарын шыңдай түсуіне септігін тигізумен қоса ұлтының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрін біліп өсулеріне, тілді дамытуға да жәрдемдеседі. Және де оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке, жылдамдыққа, сабырлылыққа тәрбиелейді.
Біз көп нәрсені ұсақ-түйек деп санаймыз. Ал, мән беріп қарасақ, жазғы лагерьлер – тек демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат құралы. Мәселен, балалар онда демалып қана қоймай, денсаулығын түзейді, қоршаған ортаны танып, еңбекке, достыққа бейімделеді. Туған жерінің орман-тауын, өзен-көлін, даласын көріп-білу және оның күллі сұлулығын сезіну – әр баланың бойында туған жері мен табиғатын аялау, қорғау жауапкершілігін оятып, ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына алғышарт болады.

Сандуғаш КАРМАНОВА,
Мемлекеттік тілде оқытатын
А.Байтұрсынұлы
атындағы ЖББМ
әлеуметтік педагогі,
Қостанай ауданы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.