Қостанай қаласында «Алтын қазына» балалар көркемсурет және қолөнер көрмесі-байқауының аймақтық кезеңі өтті. Шығармашылық додасына 11-17 жас аралығындағы жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.
Дарынды балалардың басын қосқан бұл сайыс олардың шығармашылық қабілетін шыңдауды көздейді. Аталған байқау өңірімізде 20 жылдан астам уақыт бойы тұрақты түрде өткізіліп келеді және жыл сайын талантты жастардың басын қосып, үздіктерді анықтауда. Биылдың өзінде орта және қосымша білім беру ұйымдарынан 165 жұмыс ұсынылғанын айта кеткен жөн.
– Сәндік-қолданбалы өнер бағыты облыста өте өзекті. Қосымша білім беру ұйымдарында осы бағытта көптеген үйірме жұмыс істейді. Қазіргі таңда олардың саны 146-ға жетіп, 3600-ге жуық баланы қамтып отыр, – деп атап өтті Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы директорының орынбасары Жанна Исмурзинова. – Бұл байқау сәндік-қолданбалы өнердің түрлі бағыттарын қамтитын жеті номинациядан тұрады. Атап айтқанда, тоқыма бұйымдарын дайындау, ағаш пен сүйекті көркем өңдеу, дизайн-жобалар бар. Осындай бағыттардың алуан түрлілігі әрбір балаға қабілетін көрсетуге мүмкіндік береді.
Байқауға шығармашыл шәкірттерін бастап келгендердің бірі – Амангелді ауданындағы «Жас суретшілер» үйірмесінің жетекшісі Айдар Тұрысбек. Қылқалам сырын меңгеруге құштар талай жастың шығармашылығын шыңдап жүрген білікті ұстаз. Оқушылары түрлі байқауларда жүлделі орындардан көрініп жүр. Бұл жолы да «Алтын қазына» байқауына тыңғылықты дайындалып келгендері байқалады.
– «Жеті қазына» моделін жасап әкелдік. Оны картон мен қағазды пайдаланып дайындадық. Алдымен ПВА желімін қолданып, фольгадан негізгі пішінін қалыптастырып, кейін үстін қағазбен қаптадық. Модельде ер адам, әйел, бүркіт, құмай тазы, кітап, жылқы және аңшы мылтығы бейнеленген, – деп бөлісті Айдар Тұрысбек.
Байқау жас өнерпаздардың шығармашылық әлеуетін арттыруға зор ықпал етеді. Мұндай іс-шаралар ұлттық қолөнерді жаңғыртып, жас буынның қызығушылығын оятады. Қатысушылар өз еңбектері арқылы шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Гүлім БАТЫР,
Әділет НҰРАБАЕВ,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика
мамандығының
4-курс студенттері
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.