Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
09/11/26 Понедельник

Компьютерлік графика әлеміне саяхат

Выпуск - №45(593)   :   07.12.2023
1079

Қазіргі ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа технологияларды барынша меңгеріп, пайдалана білу қажет. Бұл – заман талабы. Осы тұрғыда графикалық бағдарламалардың да қолдану аясы кеңінен таралып келеді.

Компьютерлік графика әр түрлі жарнама агенттігінде, әсемдеуші бюрода, редакция және баспаханаларда қолданылады. Графика арқылы өте күрделі суреттерді құрайды, электронды құжаттарда қолданады, объектілердің моделі мен құрылысын зерттейді. Яғни, компьютерлік графика – өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия деуге әбден болады. Сол себепті, компьютерлік графикамен жұмыс істеуді кез келген пайдаланушы білуі керек.
Аталмыш бағдарламада Adobe Photoshope бағдарламасының дұрыс бағытта қолданылуы қарастырылып, оның тиімділігі мен мүмкіндіктеріне тереңінен талдау жасалынады. Бағдарлама оқушыларға Adobe Photoshope графикалық редакторының түрлерін, олардың қолданылуын анықтауға көмектеседі және бейнелермен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінген. Графикалық бағдарламаларды пайдалану арқылы сурет салу және көркемдеу, безендіру жұмыстарын орындауда оқушы графикамен жұмыс істеп, бағдарламаның көмегімен құрылатын күрделі иллюстрациялардың маңызы жайлы түсінік алады.

Міне, осы тұрғыда медиястудия бағытында үйірмені біздің Федоров ауданындағы балалар шығармашылығы үйінің мұғалімі Біржан Сағынған бастады. Қазіргі таңда «Графика әлеміне саяхат» үйірмесінің жетекшісі. Заман талабына сай осы істі қолға алудағы негізгі мақсаты – балалардың шығармашылығын артырып, әртүрлі бағдарламада еркін жұмыс істеуге үйрету. Аталған үйірмеге 10-17 жас аралығындағы оқушылар қатысып келеді. Үйірме де әрдайым жаңашылыққа толы, балалар қазіргі таңда кез келген мерекелерге байланысты сұранысқа ие бейне-шақырулар мен құттықтауларды жасап, еркін түрде пайдалануда.

Заманына сай білімді, іскер, шығармашыл, жан-жақты дамыған, терең білімді шығармашыл тұлға қалыптастыру – үлкен іс. Соның әтижесінде, мәселені көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады деп сенемін.


Назым БАТЫРБАЕВА,
Балалар шығармашылығы
үйінің директоры,
Федоров ауданы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.