Жазғы демалысты мазмұнды, қауіпсіз әрі қызықты ұйымдастыру қажет. Осы орайда №24 мектеп-гимназияның жанынан құрылған «Қуырмаш» жазғы сауықтыру алаңы алғашқы аптаның өзінде-ақ бүлдіршіндер үшін қуаныш пен шабыттың мекеніне айналып үлгерді.
Халқымыздың «Қуырмаш» есептік-ертегі ойыны бес саусақтың бірлігі мен ізгілігін сипаттаса, бұл жазғы лагерь де әр баланың бойындағы дарынды оятып, оларды ортақ іске жұмылдыруды мақсат тұтты. Лагерьдегі әр таң балалардың топ атауын мақтанышпен атап, ұрандарын асқақтата айтуымен және көңілді лагерь өлеңін шырқауымен басталып отырды. Балдырғандар күн сайын берілген тақырыптарға сай шығармашылық плакаттар дайындап, әр күннің сайыстарына ерекше дайындықпен әрі жоғары бірлікпен қатысты.
Алаңның алғашқы күні жазғы лагерьдің ресми ашылу салтанатына ұласып, Күлкі күні аясында қонаққа келген кәсіби цирк әртістерінің өнерімен, сондай-ақ қызықты ойындарымен ерекшеленді. Бүлдіршіндер алғашқы күннен алған көтеріңкі көңіл-күймен келесі күні Ұлттық ойындар әлеміне еніп, арнайы плакаттар әзірледі және мектеп ауласында қазақтың дәстүрлі асық ату, арқан тартыс секілді ойындарынан ұйымдастырылған тартысты сайыстарда өз топтарының намысын қорғады. Аталған іс-шаралар Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиынмен жалғасын тауып, балалар еліміздің бас нышандарына құрметтің маңызын терең ұғынды. Патриоттық рухтан соң балалар мәдени бағытқа бет бұрып, Театр күнінде І.Омаров атындағы қазақ драма театрына саяхат жасап, мұнда «Алтын балапан» атты тәрбиелік мәні зор қойылымды тамашалап, рухани азық алды.
Аптаның қорытынды аккорды ретінде өткен Денсаулық күні де мазмұнды ұйымдастырылды. «Саламатты өмір салты» тақырыбы аясында топтық плакаттар қорғалғаннан кейін, лагерьге №2 емхананың білікті дәрігерлері арнайы келіп, ағзаға зиянды заттар туралы көрнекі эксперименттер жасап көрсетіп, балалардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырды. Танымдық сәт күннің екінші жартысында балалардың ширақтығын паш еткен «Көңілді старт» спорттық эстафетасына ұласты. Алаң басшысы ретінде менің ең үлкен жетістігім – балалардың жүзіндегі күлкі мен ата-аналардың ризашылығы. «Ертең лагерьде тағы қандай қызық болады екен?» деген бүлдіршіннің отты жанары – еңбегіміздің ең жоғары бағасы. «Қуырмаш» жазғы сауықтыру алаңында әлі талай қызықты күндер күтіп тұр.
Айнаш МЫРЗАГАЛИЕВА,
№24 мектеп-гимназия
жанындағы «Қуырмаш»
жазғы алаңының басшысы,
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.