Қызығушылықтан – шығармашылыққа

Выпуск - №24(672)   :   27.06.2025
762

1

Гаджетке телмірген емес, шабытқа бөленген бала өсіру – бүгінгі ата-ана мен педагогтің басты міндеті. Бүгінгі бала – цифрлық әлемнің тумасы. Смартфон, планшет, YouTube, TikTok, ойын қосымшалары – олардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.

Гаджеттер белгілі бір дәрежеде пайдалы ақпарат көзі болғанымен, оны шектен тыс қолдану – баланың шығармашылық ойлауына, эмоциялық дамуына, тіпті денсаулығына кері әсер ететіні дәлелденген. Қазіргі таңда балалар шынайы өмірден алыстап, қиял, шығармашылық ойлау, шынайы әрекет азайып барады. Тыңдау, сөйлеу, байланыс құру қабілеттері төмендеп жатыр. Сахнадан, топпен әрекет етуден, қозғалыстан қашады. Осындай жағдайда қосымша білім беру ұйымдары, оның ішінде Балалар шығармашылығы үйлері баланы осы бір виртуалды әлемнен шығармашылық шынайылыққа тартып алудың тиімді алаңына айналып отыр.

Баланы «қайта тірілтетін» күш

Біздің Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйінде түрлі бағыттағы үйірмелер жұмыс істейді. Байқағанымыз – бір рет сахнаға шыққан, өзі жасаған бұйымын көрсеткен, доп қуып тер төккен бала – гаджетті уақытша ұмытады. Ол әрекеттің дәмін татады. Ол мақтауды естиді. Жетістік сезінген бала – әрекеттің мәнін ұға бастайды.
Сурет салуға келген бала экрандағы бейнеден гөрі, өзінің қиялынан туған көріністі қағазға түсіріп, мақтаныш сезімін бастан кешіреді. Театр үйірмесіне қатысқан оқушы сөйлеу техникасын дамытып, ұялшақтықтан арылып, сахнадан қорықпайтын болады. Би үйірмесіне қатысқан бала – өзін-өзі еркін ұстауды, денесін дұрыс басқаруды, сахнада ұялмай, сенімді қимылдауды үйренеді. Ол қозғалыс арқылы эмоцияны жеткізуді меңгереді, эстетикалық талғамы қалыптасады. Бірнеше айдан кейін тұйық, үндемейтін бала – сахнада жарқырап билейтін, өзіне сенімді тұлғаға айналады.
Вокал үйірмесіне қатысқан бала – дауысымен жұмыс істеуді, тыныс алуды, нотамен ән айтуды ғана емес, көпшілік алдында сөйлеу мен өзін көрсету мәдениетін де меңгереді. Ол өз ойын ашық жеткізуге, мақсатына ұмтылуға дағдыланады. Ән арқылы ішкі сезімін шығарып, эмоционалдық тұрақтылық пен шығармашылық еркіндікке қол жеткізеді. Робототехника үйірмесі балаларды тек қызықтырып қана қоймай, олардың логикалық, жүйелік ойлау қабілетін арттырады – бұл TikTok емес, болашақтың тілі. Спорт үйірмелеріне қатысқан балалар физикалық белсенділікпен қатар дос табады, топпен жұмыс істеуді үйренеді.
Балалар үйірмелерге өз қалауы бойынша қатысады. Олар өзіне қызықты бағытты іздеп, жан дүниесіне жақын келетінін таңдайды. Үйірмелерде балалар жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп, әрқайсысы өз деңгейіне сай даму мүмкіндігін алады. Дәл осындай еркін таңдау мен бейімделген орта – шығармашылық әлеуеттің ашылуына басты себеп болып табылады.

Экраннан алыстату – тыйым салу емес, балама ұсыну

Балаға «болмайды» деу – нәтиже бермейді. Ең тиімді жол – оған «қызықтырақ» балама ұсыну. Ал қосымша білім беру – сол баламаның ең қолжетімді және қауіпсіз жолы. Шығармашылық үйінде бала жаңа ортаға түседі, өзін көрсетуге мүмкіндік алады, тың идея ұсына алады, қолымен жасап, нәтижесін көреді және жетістігі үшін мадақталады. Балаңыз гаджеттен бас алмай ма? Оны жазғытұрымға дейін күтпеңіз. Ертең кеш болуы мүмкін. Балаңызды 2025-2026 оқу жылында қосымша білім беру үйірмесіне ертіп апарыңыз. Қызығушылық танытатын бағытты бірге іздеңіз. Балаңыз өзінің әлемін экраннан емес, әрекеттен іздесін. Цифрлық ғасырда баланы құтқаратын нәрсе – шабыт. Ал шабыт – шығармашылықта.

Диана БАЛТАБАЙ,
Балалар шығармашылығы
үйі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары,
Науырзым ауданы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.