Қызықтарға толы «Балдәурен»

Выпуск - №26-27(523-524)   :   08.08.2022
744

Жазғы демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің демалуларына, шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында Қостанай қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектебінде «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңы жұмыс істеуде.

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндегі демалыстың орны ерекше. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі саналады. Бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан босап, әр бала өзінің қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан да жазғы сауықтыру алаңының қызметкерлеріне, тәрбиешілеріне оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор.


Жазғы сауықтыру алаңында балалармен түрлі жұмыстар жүргізіледі. Атап айтсақ, спорттық, ұлттық, танымдық ойындар, алғырлық, зерделік, тілдік шоу-сайыстары, ер балалар мен қыз балалар арасындағы әдеп, салт-дәстүрге байланысты сын-байқаулар, ұлттық дәстүрлер мерекесі, өнер байқаулары, сурет көрмесі, саяхаттар, концерттік бағдарламалар, т.б. іс-шаралар өткізілуде. Мектеп жанындағы алаңдарға баратын бастауыш сынып оқушылары үшін 11 үйірме мен қызығушылықтары бойынша секциялар ұйымдастырылды. Биыл мектептердегі театр қозғалысын дамытуға да үлкен көңіл бөлінуде. Ұсыныстарға сәйкес біз осы жазғы маусымда «Қуыршақ театры» үйірмесінің жұмысын бастадық.

«Менің Отаным – Қазақстан» (балалар мен жасөспірімдер туризмі мен өлкетануды дамыту, экспедициялар, жорықтар, экскурсиялар ұйымдастыру), «Тарих мұрасы», «Өз жеріңді таны» (өлкетану білімін арттыру және мектеп туризмін дамыту, тарихи-археологиялық қозғалыс, туған өлкенің тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін тереңдетіп зерделеу жобаларын іске асыру шеңберінде), «Табиғат бесігі» (туған жерге жауапкершілікпен және ұқыпты қарау), жазғы кезеңде «География әлемінде», «Өлкетану», «Жас эколог», «Жас турист» сияқты жазғы алаңдар жоспарланды.

«Мың ЖАСА» еріктілер бағытының аясында мектебімізде оқу жылының басынан «Алтын жүрек» атты еріктілер тобы жұмыс істейді. «Алтын жүрек» еріктілер тобымен бірлесе жазғы алаңдарда көптеген іс-шаралар өткізілуде. Айта кетсек, КВН, «Би әлемі», «Ұлттық ойындар» және т.б балалардың қызығушылығын ояту мақсатында әртүрлі іс-шаралар өткізілуде. Балаларға «Балдәурен» жазғы алаңы тек жақсы естеліктерге толы болуы үшін біз барлық жағдайды жасап отырмыз. Сондықтан балалар осы жазды қызықты өткізуде деген үміттеміз.


Жазғы алаң балалардың өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатын көздейді.


Карина БЕШИМОВА,
№10 ЖББМ аға тәлімгері,
Қостанай қаласы

Реклама

Мир, в котором живет человек, зависит прежде всего от того, как его данный человек понимает, а следовательно, от свойств его мозга: сообразно с последним мир оказывается то бедным, скучным и пошлым, то наоборот, богатым, полным интереса и величия.

Умный человек и в одиночестве найдёт отличное развлечение в своих мыслях и воображении, тогда как даже беспрерывная смена собеседников, спектаклей, поездок и увеселений не оградит тупицу от терзающей его скуки.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.