Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Мол тәжірибелі семинар

Выпуск - №10 (457)   :   11.03.2021
222

Арқалық қаласындағы «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында қала мектептерінің биология пәнінің мұғалімдеріне арналған «Экологиялық тәрбие міндеттерін шешудегі шығармашылық тәсіл» атты қалалық семинар практикумы өтті.

Теориялық және практикалық әдістер ұштастырылған семинарда Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының химия, биология және география кафедрасының аға оқытушысы, магистр С.Жиенбаева «Мектепте оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында баяндама оқыды. Бұдан әрі семинар қатысушыларына табиғатты қорғау және экологиялық қызмет бойынша педагог-ұйымдастырушысы Е.Черняева «Қосымша білім берудегі экологиялық тәрбиені дамыту перспективалары» атты баяндамасын оқыды. Онда балалар мен жасөспірімдерді экологиялық тәрбиелеудің барлық негізгі нысандары айтылды. Сондай-ақ «гидропоника» атты жаңа жоба таныстырылды.

Артынша «Денсаулық айнасы» клубының жетекшісі Гүлнұр Тұрғынқызы «Экологиялық жауынқұрт» шеберлік сыныбын өткізді. Онда семинарға қатысушылар өз қолдарымен кітапқа арналған ерекше және әдемі бетбелгілер жасады. Ал мен «Какаду» зоологиялық клубының жетекшісі ретінде «Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығындағы жабайы табиғат пен өсімдіктану бұрышына экскурсия жүргіздім. 

Экскурсияда бөлме гүлдерінің 300-ден астам өсімдіктерден тұратын ботаникалық топтама жинақталған өсімдіктермен және жануартану бұрышындағы тірі жануарлардың тіршілігімен таныстырып өттім. Семинар соңында педагогтер экологиялық тәрбие мәселелері бойынша өз идеяларымен бөлісіп, семинар ұйымдастырушыларына жабайы табиғатпен қарым-қатынас кезінде алған жағымды әсерлері үшін алғыстарын білдірді.

Гүлжанат ЛЕКЕНОВА,
«Какаду» жануартану
бөлімінің жетекшісі,
Арқалық қаласы

 

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.