Дәл осындай тықырыпта Науырзым ауданының балалар шығармашылығы үйінің мұрындық болуымен Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, шығармашылығын насихаттау мақсатында оқушылар арасында жыр мүшайрасы өтті.
Мұқағали – өзінің сыршыл да мұңшыл, шыншыл поэзиясы арқылы мыңдаған оқырманның жүрегінен орын алған ғажайып ақындардың бірі. Мұқағали әлем оқырмандарымен қазақ болып, қазақтың қара өлеңі болып тілдесіп, сырласты. Бұл оның мәңгілік поэзиясы мен «күпі киген қазақтың қара өлеңінің» құдіреті болса керек. Оның өзі де «қара өлеңі қазақтың – құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген» демей ме? Иә, Мұқағали – тілге шебер ақын. Өлеңдерінің тілі жеңіл, көңілге қонымды, қарапайым. Сондықтан болар, ақынның шығармалары көркемділігімен, бейнелілігімен, мағына дәлдігімен және эстетикалық жағынан әсерлілігімен ерекшеленіп тұрады.
Тағылымды байқауға жалпы 17 оқушы қатысты. Олардың арасында оза шауып, Науырзым жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Айбат Ермухамбет жүлделі бірінші орынды иеленсе, 9-сынып оқушысы Іңкәк Тайбағар 2-орынды, 8-сынып оқушысы Кәусар Ермухамбет 3-орынды қанжығасына байлады. Ал, 8-сынып оқушысы Дәурен Исатайұлы байқауға қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. Жалпы, барлық қатысушылар ұйымдастырушылар атынан мадақтамалар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Оқушыларды байқауға дайындап, жетекшілік еткен ұстаздары – Суинбекова Гулмайра Табановна, Тапалова Асия Сагиевна, Нурмаганбетова Самал Алибековна, Исембаева Жәмила Дүйсенбайқызына алғысымызды білдіреміз.
Гулмайра СУИНБЕКОВА,
Науырзым жалпы білім
беретін мектебінің
жаһандық құзыреттілік
пәнінің мұғалімі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.