Автоматтандырылған техникалық жүйелерді жасаумен айналысатын қолданбалы ғылым – робот техникасы деп аталады. Жасанды интеллект дайындауға деген қызығушылығым шамамен осыдан 3 жыл бұрын басталды.
Артынша бірден робот техникасы үйірмесіне қатысамын деп шештім. Үйірмеде алдымен жеңіл роботтарды жинауды үйрендім. Бірнеше айдан кейін күрделі роботтарды жинауды да меңгердім. Кейін бағдарламалау тілін де меңгеріп алдым. Күн сайын робот техникасына деген қызығушылығым арта түсуде. Осы ретте жетекшім Балапанова Аяулым Серікбекқызына алғысымды білдіремін. Робот жасауды меңгерген соң мектепішілік, аудандық және облыстық деңгейдегі сайыстарға қатыса бастадым. Сайыстарда жүлделі орындарға ие болдым. Бұл сала бойынша түрлі сайыстарға қатысқан қатты ұнады. Себебі сайыс барысында өзімнің мүмкіндіктерімді бағамдап, жұмысымды басқа жұмыстармен салыстыру арқылы қызығушылығым да арта түсті. Кез келген сайыс немесе сабақ үшін мақсат қоямын. Неге десеңіздер, болашақта робот техникасының маманы болу – үлкен арманым.
Әр түрлі күрделі роботтарды жинап, сайыстарға қатысу жаныма рахат сыйлайды. Қанша дегенмен, «өмірде бірде-бір күн жұмыс істегің келмесе, өзің қалаған іспен айналыс» деген сөздің жаны бар. Бұл іс жаныма жақын болғандықтан, оны рахаттана орындаймын. Мақсатым айқын болғандықтан, бүгінде робот техникасы саласы мен робот түрері туралы көп білгім келеді. Өйткені жаңа сала бойынша зерттейтін дүние өте көп. Ойлап көріңізші, роботтарды өз қолыңызбен жинап, сайыстарға қатысып, жеңіске жету немесе жинаған роботтарың күрделі хирургиялық отау жасаса, күрделі құрылыстарды салса, кез келген өмір саласында қажеттілігін тауып жатқандағы сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес: «Өз қолыңмен жасаған жоба! Мақтаныш!»
Робот жасау – әр адамның ойлауына байланысты. Ең алдымен, роботқа жүктелген шарттарды орындау үшін оған бағдарлама жазасың. Бағдарламаны жазу үшін бағдарлама тілін, оның қалай жасалатынын – барлығын білуің керек болады. Осынша ақпаратты бір күнде үйреніп алу мүмкін емес. Сайысқа роботты әзірлеген кезде, ол роботтың бағдарламасына байланысты дайындалады және сайыстың қай түріне қатысуына байланысты болады. Егер де күрделі бағдарлама таңдасақ, робот мықты болады. Сайыста жеңіске жетесің. Робот жасаған кезде, робот немесе бағдарламаларды ғана білумен шектелмейді. Оның ішінде математика, информатика, физика, геометрия пәндерінің элементтерін де білу маңызды.
Робототехника – болашақтың бағдары. XXI ғасырды – робототехника заманы деп тегін айтпаса керек-ті. Келешекте барлық іс-әрекет роботтардың көмегімен жасалатын болады. Яғни медицинада, құрылыста, өнеркәсіпте, авиацияда және басқа да салаларда роботтар қолданылатын болады. Келешекте робот техникасының маманы болып, елім үшін қажетті жасанды интеллект жасап, Қазақстанның дамуына үлес қосатын азамат болғым келеді. Ақын Жүсіп Баласағұни айтқандай: «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе – білім мен ақыл». Ақыл мен білім бірге жүрсе, алдыңа қойған арманыңның барлығы орындалады. Әр адамның арманы әр түрлі болса, менің арманым робот техникасымен шұғылданып, осы саланың үлкен маманы болу.
Бата ХАРЖАУБАЙ,
Ы.Алтынсарин атындағы
Обаған ОМ
9-сынып оқушысы,
Алтынсарин ауданы
«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие
Тарих пен тағылым тоғысқан күн
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».