Облыстық фестиваль: «IT Skills»

Выпуск - №43(540)   :   04.11.2022
523

Қостанай қаласындағы «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында қазанның 28-29 аралығында «IT Skills-2022» облыстық ақпараттық технологиялар фестивалі өткізілді. Дәстүрлі шара биыл үшінші мәрте қолға алынған.

Ғылым мен шығармашылық салтанат құрған тартысты фестиваль білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді енгізу, оқушылардың ақпараттық құзыреттілік саласындағы шығармашылық дамуы, робототехниканы спорт түрі ретінде насихаттау және оқу пәні ретінде құрастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған облыстың 11 ауданынан 11 команда, жалпы 44 қатысушы қамтылды. Атап өтер болсақ, әр команда төрт қатысушыдан, яғни ұстазы және үш 5-сынып оқушысынан тұрды. Қатысушылардың әрқайсысы жеке-жеке арнайы профильдік сыныптарға бөлініп, фестиваль аясында командалық есепте жеңіске жетуге ұмтылды.

Фестиваль жеңімпаздары – Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернат командасы

Фестивальдің алғашқы күні ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Қостанай, Алтынсарин, Жітіқара, Қарабалық, Қамысты, Сарыкөл, Бейімбет Майлин аудандары мен Арқалық, Рудный Қостанай қалаларынан арнайы келген қатысушылар екі қатарға тұрды. Ортада оларға арналған шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Артынша 5-сынып оқушыларының робот техникасы саласына қызығушылығын арттыру мақсатында қатысушыларды «Озат» мектебінің роботы сәлемдесуімен қарсы алып, фестивальдің ережелері мен жоспарын таныстырып өтті. Артынша биімен көпшілікті таңғалдырғанын да балалардың жарқын күлкісінен аңғару қиын емес.

Шараның ашылуында «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының директоры Рамазан Раисов сөз сөйлеп, қатысушыларға таусылмас шабыт және сәттілік тіледі. Фестиваль ұйымдастырушыларының бірі «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Наталья Рябина да фестивальдің маңызына тоқталды.

– Екі күннің ішінде жаңа білім, ақпараттық технологиялар саласындағы жаңа дағдыларға ие боласыздар. Менің ойымша, бұл сіздердің болашақ мамандықтарыңызға жасалған алғашқы қадам болмақ. Қарап отырсам, тіпті, қатысушылардың көбісі айтишниктер сияқты киінген: жейделер, джинсы шалбар дегендей. Қазірдің өзінде көздеріңізден робот техникасына, ақпараттық технологиялар саласына деген қызығушылық байқалады. Сондықтан осы екі күн ішінде жаңа ақпараттарға қанық боласыздар. Осындай қызықты дүниемен байланысты болу қандай керемет. Жемісті еңбек пен шығармашылық табыс серік болсын, – деп атап өтті.

Іс-шара шеңберінде педагогтер үшін де, білім алушылар үшін де бейіндік сыныптардың жұмысы өтеді. Педагогтерді оқыту тақырыбы: «Оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру. Мобилография шығармашылық ойлауды дамыту технологиясы ретінде». Оқушыларды оқыту үш бағыт бойынша өтеді: «Web-дизайн және әзірлеу», «Робототехника және бағдарламалау», «Графикалық дизайн». Топтардың әрқайсысына «Озат» мектебінің информатика пәнінің мұғалімдерінен құралған арнайы жаттықтырушылар да тағайындалды. «Web-дизайн және әзірлеу» бағытына Г.Умбетова, «Робототехника және бағдарламалау» бағытына А.Амербаев, ал «Графикалық дизайн» бағытына А.Ососкова жауапты ретінде бекітілді. Олар өз бағыты бойынша білгендерімен бөлісіп, қатысушыларға ақпараттық технологиялар бойынша жаңа білім беруге ұмтылды.

Фестивальдің басы-қасында жүрген жауапты тұлғалардың бірі «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты директорының ақпарат жөніндегі орынбасары Ирина Храмей биылғы фестивальдің ерекшеліктеріне тоқталды.

– Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған фестиваль мектебімізде дәстүрлі шараға айналған. Жыл сайын негізінен өзгеріске ұшырайтын тұсы: мұғалімдерді оқыту жүйесі, яғни оқушыларын ертіп әкелген информатика пәнінің мұғалімдеріне берілетін білім. Ал балалардың құрамы жыл сайын ауысып, осылайша олар ақпараттық технология саласына қызығушылығы жоғары жастардың қатарын толықтырады. Жалпы облыс бойынша біздің «Озат» мектебі жобалық қызметімен танымал екені көпшілікке мәлім. Сондықтан да осы бағыттағы тәжірибемізбен бөліскенді жөн көрдік, – дейді Ирина Сергеевна.

Іс-шараның екінші күні қатысушылар фестиваль барысында әзірленген шығармашылық жобаларды қорғады. Олардың міндеті – осы екі күн ішінде не үйренгендерін көрсету болды. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте жүлделі 1-орынға Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, 2-орынға Арқалық қаласының командасы, ал 3-орынға Б.Майлин ауданының командасы ие болды.

– Жалпы педагогтік еңбек өтілім 10 жыл болғанмен, қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында биыл алғаш рет жұмысқа кірістім. Осы фестивальге де алғаш рет қатысуым, – дейді Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары әрі информатика пәнінің мұғалімі Гүлбаршын Жаппасбаева. – Біздің мектеп негізінде гуманитарлық бағытта. Информатика пәні кестеге сай аптасына бір рет жүргізіледі, алайда қосымша сабақтар қарастырылмаған. Сондықтан сабақ барысында IT саласына қызығушылығы жоғары оқушыларды байқап жүрдім. Кейін фестиваль болады дегенді естігенде белсенді үш оқушыны таңдап алдым. Робототехникаға бағытындағы оқушым сабақтан тыс уақытта келіп, дайындалып тұрды. Міне, фестиваль жеңімпазы атандық. Оқушыларым үмітімді ақтады.

Фестиваль аясында «Креативті фото» байқауында 1-орынды Леонид Журавлев, 2-орынды Сергей Брусник, 3-орынды Сергей Пензештадлер жеңіп алды. «IT-білім web-квест» байқауында 1-орынға Айару Утимисова, 2-орынға Аруна Мустаки, 3-орынға Руслан Выморозко ие болды. Келесі «Сумо жекпе-жегі байқауында 1-орынды Ернұр Нұрмұханбет, 2-орынды Дмитрий Кузмин, ал 3-орынды Степан Егоров қанжығалады. Фестиваль аясында «Web-дизайн және әзірлеу» бағытында Нұрәлі Мақсұт, «Робототехника және бағдарламалау» бағытында Жасмин Әбдімәлік, ал «Графикалық дизайн» бағытында Айару Утимисова үздік деп танылды.


Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.