Ойнай отырып, ойлану өнері

Выпуск - №47(644)   :   29.11.2024
561

2

Техниканың қарыштап дамыған уақытында жастардың ғаламторға тәуелділігі күн санап артып барады. Осы жағдайда «Олардың санасын қалай дұрыс арнаға бұра аламыз?, «Бос уақытын тиімді өткізуге қалай ықпал етеміз?» деген сұрақтар әр ата-ана мен педагогті толғандырары хақ.

1

Бұл мәселенің шешімі – балаларды қызықтырып, зияткерлік ойындарға баулу. Солардың ішінде ерекше орын алатыны – шахмат ойыны. Ақ пен қараның арасындағы шайқас туралы біреу білсе, біреу білмес. Тақтасы 64 шаршыдан тұратын бұл ойын – ақыл-ойды дамыту ғана емес, логикалық ойлау қабілетін шыңдап, шешім қабылдауда сенімділікке үйрететін зияткерлік өнер. Шахмат ойынына деген қызығушылық әлем бойынша күн санап артып келеді. Біздің елімізде де аталған ойынға ерекше назар аударылып, мектеп бағдарламаларына енгізіліп жатқаны көңіл қуантады.
Өз басым бала кезден шахматтың қыр-сырын меңгеруге құмарттым. Ендігі сәтте осы ойынды жас ұрпаққа үйретіп, шәкірттерімді тәрбиелеп келемін. Осы салада, қазіргі таңда біздің еліміздің жастары әлемді мойындатып, көк туымызды желбіретіп жүргенін мақтанышпен айта аламын. Федоров ауданындағы Балалар шығармашылығы үйінде бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Шах-Мат» үйірмесі осы бағытта маңызды үлес қосуда. Үйірменің басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді өткізу, әлеуметтік желіге деген тәуелділіктен алшақтату, ойната отырып ойлауға үйрету. Үйірменің ашылғанына көп болмаса да, өз жемістерін беріп, жеңісті қадамдармен алға басып жатырмыз. Біздің шәкірттеріміз әлемді мойындатпаса да, әліне қарай шауып, әлсін-әлсін жеңісті бағындырып келе жатқаны біз үшін қуаныш.
Шәкірттеріміз аудандық және облыстық деңгейде өткен шахмат турнирлерінде жетістіктерге жетіп жүр. Мысалы, «Алтын тұлпар», «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы кубогы, «Баян сұлу» компаниясының 50 жылдық мерейтойына арналған жарыстарда топ жарған дарынды оқушыларымыз: Кенжебек Өзбеков, Ақерке Ерден, Ернұр Эсболат, Айару Большой, Ернұр Өзбеков, Жарылқасын Жанболат, Әділет Арсыланбек, Жалғас Шұғайып және Жарболсын Жанболат. Олар ауданымыздың абыройын облыс көлемінде қорғап, үздік нәтижелер көрсетуде. Осындай шәкірттерімізбен мақтанамыз. Бұл – біздің де, болашақ жастардың да үлкен мәртебесі мен абыройы.
Шахмат – тек ойын емес, ақыл мен шеберліктің үйлесімі. Осы өнерге деген қызығушылық жастар арасында артып, еліміздің атын шығаратын дарындылардың саны көбейе беруін тілеймін.

Володия ХОВЛАН,
Балалар шығармашылығы үйінің педагогі,
Федоров ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.