Ойын ойнап, ән салмай..

Выпуск - №29-30 (425-426)   :   25.08.2020
867

«...Өсер бала болар ма?» дегендей, балалардың бос уақытының үлкен бөлігін демалыс, оның ішінде ойын алады. Сондықтан сол уақытты бала денсаулығын нығайту, шығармашылығы мен жеке қабілеттерін дамытуға бағыттаған жөн.

Жайраңдаған жаздың қуанышы мен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы сауықтыру алаңынан бастау алары сөзсіз. Біздің Тобыл қаласындағы Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңы да жұмысын бастап кетті. Аталмыш сауықтыру алаңының балаларға берері мол. Себебі алаңдағы әр күн қызыққа толы болды.
Онда шығармашылық, ән және би үйірмелері жұмыс істеді. Әр апта белгілі бір тақырып аясында жоспарға сай ұйымдастырылды. Атап өтер болсақ «Менің елім – Қазақстан», «Жазғы саяхат», «Отбасым – алтын бесігім», «Табиғатты аяла» апталықтары өтті. Бірінші апта «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында өрбіді. Алаңның ашылу салтанаты виртуалды түрде өтіп, алаңның қонағы ретінде балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында сайқымазақтар келді. Олар тамаша әзілдермен балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, «Қазақстан» тақырыбында викториналық сұрақтарын қойды.



Рәміздер күнінде «Көк тудың желбірегені» атты әнге балалар флешмоб билеп, патриоттық әндерді шырқады. Сонымен қатар «Біз тәуелсіз Қазақстан» ұрпақтарымыз  атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Апта соңы «Менің Отаным – Қазақстан» мерекелік концертімен тәмәмдалды. Ал келесі «Жазға саяхат» апталығында мектеп мұражайына саяхатқа барып, «Үздік навигатор» квест-ойыныңда өз іскерліктерін көрсетті. Ертегілер әлемімен де қауышып, сахналық қойылым көрсете отырып, әртістік қабілеттерін аша алды. Ал «Отбасым – алтын бесігім» апталығында «Біздің отбасының бір күні» фотожобасы (суретте) өтті.

Балалар аналарының отбасында жасаған тағамдарын, «Отбасылық асхана» шебер сағатында жасап көрсетті. Осы апта ауқымында, «Отбасылық дәстүрлер, құндылықтар жинақтары» бейнежоба жасалып, «Барлық отбасымызбен тоқимыз, тігеміз, сурет саламыз және ән айтамыз» атты отбасылардың онлайн фестивалі мен «Бақытты отбасының қаласы» шағармашлық байқауы балалардың көңілдерінен шыға алды. «Табиғатты аяла» апталығында «Еңбек десанты» ұйымдастырылып, мектеп аумағында балалар еңбек міндеттерін орындады. «Шебер қолдар» үйірмесінде әр түрлі материалдардан қолөнер бұйымдарын жасады. Ал «Жасыл досымды қорға» жобасы оқушыларды табиғатпен жақындастыра түсті. Апта соңы табиғат туралы тақпақтармен, өлеңдермен, мақалдармен қорытындаланды.



Оқушыларға жазғы сауықтыру алаңның берері мол. Жазғы сауықтыру алаңы баланың жасырын жүрген дарынын, белгілі бір қабілетін ашатын орын. Балалар сауықтыру алаңында өздерінің шығармашылық, әнге, биге деген қабілеттерін шыңдай түсті. Сондай-ақ әр қырынан ашылып, ой-өрістері де кеңейе түсті .Әр түрлі жобалар арқылы оқушылырдың білімі мен дүниетанымы кеңейе түсті деуге болады. Ал бастысы қатарластарымен араласып, жаңа достар тапты. Ұйымдастырылған шағын концерттер мен спорттық ойындар топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсете білуге бейімдеді. Сауықтыру алаңы – жазғы демалыс уақыттын қызықты да пайдалы өткізуге арналған тамаша мүмкіндік.


Іңкәр СҮЛЕЙМЕНОВА,
Н.Наушабаев атындағы
мектеп-гимназияның «Балдырған»
сауықтыру алаңының тәрбиешісі,
Тобыл қаласы

 

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!