Өлкетану патриоттық сезімді күшейтеді

Выпуск - №48(444)   :   06.12.2020
154

Тәрбиеленушілеріміздің жүрегіне туған өлкеге деген ыстық махаббатты ұялата отырып, қажетсіз қызығушылықтардан алыстату – Қостанай қаласындағы Балалар шығармашылығы үйінің «Мәртебелі қонақ» шығармашылық қонақ үйінің тәрбиесіндегі басты идеясы.


Күлпаш УНДИМИСОВА

Халқыңды, тарихың мен мәдениетіңді мақтан тұту өз-өзімен туа салатын дүние емес. Бұл патриоттық сезімге баланы ерте кезден тәрбиелеу нәтижесі. Қоршаған орта, отбасы тәрбиесі, мектептегі қарым-қатынас – осының барлығы патриотизмді бала бойына сіңіріп, нықтай түседі. Халықтың патриоттық сезім – мемлекеті қуаты. Баланы патриоттық сезімге тәрбиелеуге, ең алдымен, оның туып-өскен туған өлкесін білуі үлкен рөл атқарады. Балаларды туған қаламен таныстыру – бұл туған өлкенің тарихымен, оның дәстүрімен, мәдени ескерткіштерімен, сондай-ақ облыстың еңбегі елеулі тұлғаларымен танысу. Өлке тарихымен танысу барысында балапан жүректе туған қалаға деген құрметпен қатар шынайы сүйіспеншілік те оянады.


Облыстық орыс драма театрына саяхат

«Мәртебелі қонақ» шығармашылық қонақ үйінде патриоттыққа тәрбиелеу жұмысы түрлі кездесулер, экскурсия және азық-түлік өндірушілер қызметімен таныстыру арқылы жүзеге асады. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия балаларға туған өлке тарихын танытып қана қойған жоқ, Қостанай өлкесінің негізін қалаған тұлғалармен танысып, қаланың алғашқы тұрғындарының тұрмыстық заттарын көзбен көре отыра, өзінің туып, өсіп келе жатқан туған өлкесіне деген ыстық махаббаты оянды. Қостанай облысының жері тарихи және мәдени ескерткіштерге бай. Кесенелер әлі күнге дейін өткен ғасырлар сырын шертуде. Мұндай киелі жерлерге қол тигізу сонау қасиетпен тілдескенмен бірдей. Қостанай облысының киелі жерлерінің бірі – Қамысты ауданындағы халқын тұтқыннан босатып, нағыз ерлікті көрсете білген, қазағымыздың айбарлы ұлдары, батыл батырлары жерленген Байсары батыр киелі жері туралы «Уркаш-Байсары» қоғамдық қорының ұйымдастырушысы Назым Абдразаққызы айтып берді. Тәрбиеленушідерде облыстық қуыршақ және орыс драма театрарына бару да керемет сезім қалдырды. «История Пожара Тушилыча», «Кот в сапогах» сынжы сүйікті ертегілерін кейіпкерерін сомдаушы актерлермен кездесіп, олардың туындатқан керемет ертегі әлеміне таң қалды. Шығармашылық қонақ үй өз жұмысында жергілікті кәсіпкерлермен де кездесу ұйымдастырылады. «Лидер-2010» ЖШС, «Село Лесное» сынды туған өлке кәсіпорындарымен танысу «Казахстанская продукция «Село Лесное» атты шарамен өз кезегін тапты. Бренд-менеджер Анастасия Ройко таныстықты жалғастырды. Анастасия тәрбиеленушілерге сүт, қышқылсүт және сыр өнімдерінің қалай қндіретіні жайлы, кәсіптің жұмыс жасау жолдарымен танысытырып, шара соңында балаларға өздерінің логотипі бейнелегенге магниттік ескерткіштер сыйлады.


Назым Туребаевамен кездесу

«Баян Сұлу» АҚ жергілікті өнім тарихымен танысу балалар үшін өте қызық болды. Кондитерлік фабриканың маркетологы Зюбан Алексей Владимирович тәрбиеленушілерге «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасының қызықты оқиғалары жайлы, тәттілерді өндіру қиындықтары туралы айтып, кездесу соңында балапандарға тәттілер ұсынды. Мұндай кездесулер балаларымызға өзгелердің еңбегін бағалап, өзінің туған өлкесіне деген сүйіспеншілік сезімін арттыра түсетіні анық.
Қазіргі таңда коронавирус індетінің салдарынан балалар шығармашылық мектбетінің шығармашылық қонақ үйі өз жұмысын онлайн форматта жалғастырып жатыр. Қазақстан халықының тілдер күніне арналған «Тіл – халық жаны», І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының 20 жылдық мерейтойына арналған «Театр: кеше, бүгін, ертең», қарттар күніне бағытталған «Жақындарыңа жарық сыйла», мұғалімдер күні қарсаңында «Менің сүйікті ұстазым», «Қазақстан халқы Ассамблеясына жиырма бес жыл», «Қазақстан Ұлттық Валюта күні» атты түрлі шаралар онлайн форматта өтті.


Облыстық тарихи-өлкетану мұражайына сапар

Мұның барлығы «Мәртебелі қонақ» шығармашылық қонақ үйінің балалар шығармашылығы мектебінің тәрбиеленушілерімен өткізген жұмыстарының бір бөлігі ғана. Жұмыс өз жалғасын табады. Себебі тәрбие ұғымы бір күндік акция ретінде емес, алдағы жылдарға, болашаққа негіз салатын өмірлік дүние іспеттес. Қоғамды дамыту жолында өскелең ұрпақты тәрбиелеуде мектеп рөлі ерекше. Кемел келешектің, жарқын болашақтың негізін қалау – сіз бен біздің ортақ күш салатын мақсат. Ендеше, жас өркендерімізді патриоттық сезімге тәрбиелеуде қапы қалмай, балапандарды жастайынан шынайы сүйіспеншілік пен сенімге, патриоттық сезімге баулып, еліміздің іргесін нағайта түсейік.

Күлпаш УНДИМИСОВА,
Балалар шығармашылығы мектебінің
«Мәртебелі қонақ» шығармашылық
қонақ үйінің жетекшісі,
қосымша білім беру педагогі,
Қостанай қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.