Өмір – қуаныш, өмір – мереке

Выпуск - №26-27(523-524)   :   08.08.2022
618

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында ұжым мұғалімдерінің ұйымдастыруымен психологиялық есепте тұрған оқушылармен «Өмір – бұл қуаныш», «Өмір – бұл мереке» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты: балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, өмірге деген құштарлықтарын арттыру болып саналды. Барлығы: 35 оқушы ат салысты. Іс-шараның басында оқушыларды екі фиксик достарымыз қарсы алды. Балалар Мася мен Папус-қа ілесіп бидің қимылдарын қайталап, сергіту сәттерін жасады. Фиксиктардың соңынан сиқыршы пайда болып, балалармен ойнап, жұмбақтар жасырды. Қатысушы барлық балаларға түрлі-түсті белгі қағаздарын таратып, балаларды түстер арқылы топтарға бөліп берді.

Бөлінген топтар, ең алдымен, төрт шумақты өлең құрастырып, содан кейін балаларға арналған мерекелік дастарханға жайғасты. Іс-шара барысында шуылдаспақтар айтылды. Қолтырауын ойыны ойнатылды. Мында әр топтан бір оқушы шығып, қағазда жазылған сөзді ым-ишара арқылы өзге топ мүшелеріне түсіндіруі тиіс болды. Бірінші болған және барлық сөздерді тапқан топқа белгі қағазы беріліп отырды. Екінші ойын «Көңілді орындық» деп аталды. Бұл ойынның шарты бойынша 6 оқушы ойын алаңына шығады, және 5 орындық қойылады. Оқушылар қойылған музыканың ырғағына билейді де, музыка тоқтаған сәтте орындыққа жайғасуы тиіс. Болды жеңімпаз оқушының тобына белгі қағазы берілді.


Бұл ойында: Янна есімді балақай жеңімпаз атанып, қанжығасына 3 белгі қағазын байлады. Іс-шара барысында, көңілді әуендер ойнап, билер биленіп, қазіргі таңдағы хит болған Тик-Токтағы трендтерді биледі. Іс-шара қорытынды бойынша: топтардың жинаған белгі қағазын санап, оқушыларды белсенділіктері үшін марапаттау қағаздары мен және ынталандыру сыйлықтары берілді.


Жансая
АЙТМУХАНҚЫЗЫ,
қосымша білім
беру педагогі,
Арқалық қаласы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!