Орталықта өткен көңілді демалыс

Выпуск - №27-28 (575-576)   :   13.08.2023
659

Балалар үшін ең қызықты мезгіл – жаз маусымы. Жаз келді дегенше, жер жүзі көк кілемдей жайқалып, күннің көзі жарқырап шыға келеді. Себебі, бұл – төрт мезгілдің ішіндегі ең ыстық, ең көңілді үш ай.

Осы демалыс уақытында балалар асыр салып ойнап, бір жасап қалатыны сөзсіз. Жаздың үш айында балалардың демалысын қызықты өткізуге себепші болатын өздері оқитын мектеп жанындағы лагерьлері. Сондай-ақ, 2023 жылдың маусым айының 5-інен бастап «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер орталығы да жазғы демалыста бос уақытын жарқын да көңілді өткіземін деген балаларға сауықтыру лагерінің жұмысын бастаған еді.

Көңілді демалысымыздың бастауы «Шуақты жаз» атты лагерьдің ашылу бағдарламасы болды. Әрі қарай орталығымыздың педагогтері бекітілген жоспарға сай іс-шараларды өткізіп отырды. Мысалы, спорт саласы бойынша «Есірткіге қарсымыз» атты спорттық марафоны, «Әкем және мен» бассейнде жүзу жарысы, «Жаз лабиринті» спорттық квест, 25 метр қашықтықта командалық жүзу жарысы, «Спорт – бұл күш» атты спорттық эстафетасы, «Әуесқойлар» альпинизм жарысы, балалар мен ересектер арасындағы жүзу жарыстары, жас альпинисттерге арналған жарыстар да қолға алынды.

Өнер саласы бойынша Әкелер күніне арналған қаламыздың орталық саябағында мерекелік іс-шаралар, Астана күніне орай «Айбары асқақ – Астана» атты мерекелік ән байқауы, «Әуенді алаңқай» атты домбырашылар сайыстары ұйымдастырылды. Қолөнер саласы бойынша «Менің туым – менің мақтанышым» атты суреттер байқауы, «Мен жазды саламын» атты көпіршікпен сурет салу, «Шебердің қолы алтын» атты кестелеу өнері бойынша байқау, «Экология – табиғат жүрегі» атты шебер-сыныптар мен суретшілер байқаулары өткізілді. Сондай-ақ орталығымызда «Әке – асқар тау» тақырыбындағы «Жазғы кубок-2023» жайдарман ойындары көңілді нотада өткенін айта кеткен ләзім. «Жастар есірткіге қарсы», «Шарықта Астана» атты флешмоб пен «Ертегілер еліне саяхат» атты квест сайыстары ұйымдастырылды.

Ал орталығымыздың зоология кабинетіне мектеп жанындағы лагерь оқушылары, балабақша тәрбиеленушілері тірі жануарларды тамашалауға экскурсияға келді. Мектеп лагерьлерінің І-ІІ ауысымы бойынша қала және ауыл мектептерінің арасында «Ең үздік сценарийлер» және «Ең үздік мақалалар» байқаулары өткізілді. Және де әр бейсенбі сайын балаларға арналған мультипликациялық фильмдер көрсетілді. Барлық өткізілген іс-шаралардың жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталып, оларға сыйлықтар берілді. Балалардың бос уақыттарын қызықты әрі тиімді пайдалану үшін жазғы сауықтыру лагерін біздің орталығымыздың педагогтері күнделікті қызықты іс-шаралары арқылы қызығушылығын арттырып, түрлі сайыс, байқау, ойындармен бірге тәрбиелік мәнін де жоғалтпады.


Айкерім ЫБАРАЕВА,
«Жас Ұлан» балалар
мен жасөспірімдер
шығармашылық
орталығының
көркемдік жетекшісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!