«Үндестік» жобасы аясында отбасылық «Жанұя» клубында орталық пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту және орталық оқушыларының танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында «Отбасы – алтын діңгек» тақырыбында орталық ата-аналарымен іс-шара өткізілді.

Қосымша білім беру – білім алушыға танымдық пен шығармашылықта тұрақты қажеттілікті игеруіне, өзін барынша дамытуға, кәсіби және жеке тұлға ретінде өзін тануға мүмкіндік беретін дәлелді білім және де дарынды балаларды анықтауға, оларға қолдау көрсетуге және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған көп деңгейлі білім жүйесі. Қазіргі қоғам жалпы ұстаз қауымына жаңа талаптар қойып отыр. Мұғалім – рухани дамыған, шығармашыл тұлға, кәсіби дағды мен педагогикалық шеберлік иесі, жаңалыққа құштар, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді әдістерін іздестіруші маман болып саналады.
Іс-шара «Додэкадр» әдісімен басталып, доп тәрізді шарды лақтыру арқылы аналарымыз өз балаларына қатысты сұрақтарға жауап берді. Жалпы іс-шарамызға ана мен бала және жетекші бірлесе қатысты. «Үштік одақ» бағдарламасы аясында өткен іс-шарамыз төрт кезеңнен тұрды. Бірінші «Ой мен ойын» кезеңі болса, екінші «Сиқырлы сусын» кезеңінде қатысушылар құты ішіндегі 7 құндылықты тауып жазулары керек болды. «Ол кім? Бұл не?» атты үшінші кезеңде ұяшық тандау арқылы сұрақтарға топ болып біріге отырып жауап берсе, төртінші «Қажеттілік ордасы» кезеңінде ана мен педагог бірлесе отырып, тапсырманы орындады.
Жалпы әр қатысушы топ белсенділіктері мен өзара ұйымшылдықтарын көрсете білді. Іс-шара барысында аналарымыз ерекше қабілеттері мен өнерлерін де ортаға салғанын айта кеткен жөн. Жиын соңында қатысқан аналарымыз бен оқушыларға орталығымыздың атынан Алғыс хат пен естелік сыйлықтары табыс етілді. Отбасының аман-саулығы – әр елдің дамуы мен келешегінің өлшемі болса керек. Сол себепті, біртұтас халық болып ұйысуымызға отбасылық институттың маңызы зор. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» демекші, Отанымыздың қуаты, отбасымыздың қызықты шуағы таусылмасын.
Инабат ЖӘМЕЛОВА,
Қалалық отбасылық
«Жанұя» клубының
жетекшісі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.