Отбасы – бақыт мекені

Выпуск - №3(651)   :   24.01.2025
627

1

Отанның негізі, тірегі және қайнар көзі – жанұя екені баршаға белгілі. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Арқалық қаласындағы қосымша білім беру орталығында мақала тақырыбымен аттас кездесу кеші ұйымдастырылды.


Ғасырлар бойы халқымыз «Отан – отбасынан басталады» деген ұғымның тамырын тереңдетіп, ұрпағының ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтары бойына сіңіріп өсуіне ерекше мән берген. Өйткені, мәртебесі биік, мұраты асқақ мемлекет қашанда берекелі отбасынан құралады.

Тағылымды кештің қадірменді қонақтары – қалалық аналар кеңесінің төрайымы Бақытжамал Аяғанқызы және Ғалия Бектайқызы, сондай-ақ қаламыздағы көпбалалы әрі үлгілі отбасылардың бірі – Бөлтіріковтер отбасы болды. Іс-шара аясында қонақтарға отбасы тәрбиесі мен отбасылық жетістіктеріне байланысты түрлі сұрақтар қойылып, олар өз отбасыларының қызықты әрі ерекше оқиғаларымен, керемет естеліктерімен бөлісті.

Кездесу кеші барысында қонақтар қатысушы көрермендермен бірге қызықты ойындар ойнады. Сондай-ақ, орталығымыздың дарынды оқушысы Айару Кежебай анасымен бірге кеш қонақтарына арнап «Ана» әнін орындап, жиналған қауымның жүрегінен орын ала білді. Осылайша, кеш сәні мен мазмұны үйлесім тауып, әсерлі аяқталды.

Әр отбасы – қоғамның айнасы. Отбасы – әрбіріміз үшін қадірлі ұғым. Дегенмен, шаңырақтың беріктігі – үлкендердің үлгі-өнегесіне, өзара сыйластығы мен қамқорлығына байланысты. Бақытты отбасы – ел болашағының алтын діңгегі. Сондықтан да, осылайша ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін мерейлі, үлгілі отбасылардың қатары арта берсін дегім келеді.

Инабат ЖӘМЕЛОВА,
Қосымша білім беру педагогі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.