Жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде елімізде аталып өтетін Отбасы күні – ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған маңызды мерекелердің бірі.
Осы атаулы күнге орай, Арқалық қаласының қосымша білім беру орталығы мен қалалық №2 әмбебап-ғылыми кітапхананың оқу залы бөлімі бірлесіп, «Отбасы – ұлт тірегі» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Тағылымды іс-шараға ұлттық тәрбиенің өзегін берік ұстанған өнегелі Кәдірхановтар отбасы мен Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің белсенді студенттері қатысты.
Кеш барысында отбасының қоғамдағы орны мен бала тәрбиесіндегі жауапкершілік сынды өзекті тақырыптар қозғалды. Отбасылық құндылықтарды сақтап, ұрпаққа үлгі болып жүрген азаматтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға өмірлік бағыт-бағдар беретін ақыл-кеңестерін айтты. Өнегелі кеш барысында ата-ана тақырыбында жазылған жүрекжарды өлеңдер оқылып, әуезді әндер шырқалды.
Іс-шарада білім бөлімінің әдіскері Н.Сәлімжанқызы, кітапхана басшысы С.Ахметқызы және қосымша білім беру орталығы басшысының м.а. Л.Әбдіғалиқызы отбасылық тәрбиенің қоғам іргетасын қалаудағы рөліне ерекше тоқталды. Кеш соңында қосымша білім беру орталығы жанындағы «Жанұя» клубының жетекшісі З.Б. Демесинова қатысушылармен бірге отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тренинг жүргізіп, іс-шараны қорытындылады.
Инабат ЖӘМЕЛОВА,
Қосымша білім беру орталығының педагогі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.