Пікірсайыс – жетістікке жетелейді

Выпуск - №9(557)   :   06.03.2023
712

Жаһандану дәуірінде еліміздің білім мекемелерінде дебат қозғалысы жұмысын айшықты түрде көрсетуде. Оған мектепшілік, аудандық, облыстық тіпті халықаралық дебат турнирлерінің және оқушылар қызғушылығының артуы дәлел.

Меңдіқара ауданының балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінде «Jastar» дебат үйірмесі жұмыс істейді. Онда 13 білім алушы 2-інші жыл қатарынан дебаттың қыры мен сырын үйрене отырып, шеберліктерін турнирлер барысында көрсетіп жүр. Жас дебатерлер ой мен ойынның бұл түрін: «Дебат – тек ой жарыстырар үйірме емес, сондай-ақ интеллектуалды және жүйелі ойды, ораторлық қабілетті, шығармашылық белсенділікті, іс-әрекетке екі тараптан қарай отырып, баға беруді, жалпы алғанда тұлғаның үздік образын қалыптастырудың басты факторы», – деп бағалайды. Демек, бұл әрбір білім алушыға дебат жеке тұлғаның рухани дағдысының жетіле отырып, одан әрі артуында үлкен рөл атқаратындығының айғағы болса керек.
Сөз өнерінің асыл діңгегі болып келе жатқан дебатқа деген оқушылардың ынтасы мен жігері тіл мәртебесіне деген құрметтің тағы бір парағы іспеттес. Үйірмедегі әр білім алушы сөздің басты қаруы шынайылық пен еркіндікті, нақтылық пен мәдениеттілікті ту етіп келеді. Үйірме мүшелері ойын барысында төрешілік қызметті де атқара отырып, нәтижесінде әділетті шешім қабылдау, ақпаратты сараптау, командалық және спикерлік ұпайларды шығарудың жолдарын үйрене отырып, тәжірибе барысында қолданып жүр. Дебат шеберлеріне айналған Ақниет Маратқызы, Жанерке Есенова, Алуа Мустафина, Жанерке Жакенова аудандық және облыстық турнирлерде топ жарып, команда атын қорғап, жүлдемен оралып жүр.

Сөзімді түйіндер болсам, дебат ойындары, жалпы пікірсайыс – жеке тұлғаның қалыптасуы барысында үлкен септігін тигізетін негізгі көмекші объект. Танымдық өрістің дербес жолын ашушы дебаттың берері мен үйретері әлі бірталай екені шүбәсіз.


Бақытжамал КЕҢШІЛІК,
Меңдіқара ауданының
балалар және жасөспірімдер
шығармашылық үйінің
қосымша білім
беру педагогі

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!