Кез келген оқиғаға немесе құбылысқа қатысты әр тұлғаның жеке пікірі болады. Ал ол ойды жеткізе алатындар бар, жеткізе алмайтындар бар. Ол үшін пікірталас мәдениетін меңгеру маңызды рөл атқарады. Жаңа заманның талабы да осы.

Пікірталас мәдениетінде, ең бастысы, аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. Яғни, «Ойды ой қозғап», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады. Міне, сондықтан да бүгінде әрбір оқу орнында пікірталас ой алаңы клубтары ашылып отыр.
Былтырғы оқу жылынан бастап №115 ЖББ мектепте «Ұшқын» ой алаңы клубы ашылған-тын. Аталмыш пайдалы клуб ашылғалы жемісін беріп келеді. Дебат ойындары арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеті дамып, бала өзінің позициясын дәйекті түрде дәлелдеп үйренуде. Демек дебат деген – бір позицияны қорғау ғана емес, бұл жаңа шешім ұсыну, берілген қарарды жан-жақты қарастырып, талдау арқылы әр сөзді дәйекті дәлелдермен бекіту.
«Ұшқын» ой алаңы клубы ашылған күннен клуб мүшелерінің жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Қазіргі сәтте клубымыз мынандай жетістіктерін мақтан ете алады: қалалық дебат турнирінде І орын – Жүніс Балауса, ІІ орын – Қабдрахим Нұрислам (01.04.2021); Қостанай облысы пікірсайысының үздік эмблемасы облыстық байқауында ІІІ орын – Қостанай қаласының «Ұшқын» пікірсайыс клубының мүшелері – Жұлдыз Ақан, Ақмарал Алимбаева (2022 жыл); А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ «Парасат» дебат клубы С.Мәуленовтың 100 жылдығына орай ұйымдастырған «PARASAT MAIDANY I» облыстық турниріне қатысты; «Ұшқыр ой алаңы» қалалық пікірсайыс турнирінде ІІ орын – «Ұшқын» пікірсайыс клубының мүшелері – Жұлдыз Ақан, Ақмарал Алимбаева.

Қалалық пікірсайыс турнирінде ІІ орынға ие болған «Ұшқын» пікірсайыс клубының мүшелері
«Пікірталас» технологиясы арқылы біз оқушылардың дереккөздермен өз бетінше жұмыс істеуді қалыптастыру, пікірталас жүргізу және өзіндік көзқарасын қорғау дағдыларын дамытуға, басқа адамның ой-пікірін естуге және дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ басқа да ұстанымның өмір сүруге құқығы бар екенін түсінуге көмектеседі. Команда ретінде ойын өзара әрекеттесуді, командада жұмыс істеуді үйретеді, команда мүшелерімен өз идеялары мен ойларымен бөлісу, бір-біріне көмектесу және қолдау қабілеттерін дамытады. Пікірталастың қызықты әлемінде сенімді жол көрсеткішіңізге айналатын осы оқу құралы осының барлығына арналатын болады.
Қанат ҚАСЫМОВ,
№115 ЖББМ «Ұшқын»
дебат клубының жетекшісі,
Қостанай қаласы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.