Федоров ауданындағы балалар шығармашылық үйінде «Робототехника» үйірмесі жұмыс істейді. Заманауи талаптарына сәйкес ұйымдастырылған үйірмеге барлығы 40 оқушы қатысып келеді.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Цифрлық Қазақстан», үш тілде білім алуға баса назар аударылғаны көпшілікке мәлім. Еліміздің болашағы жастардың қолында екендігі де үнемі баса айтылады. Осы сөздерді ой елегінен өткізе қарайтын болсақ, жастарға білім беретін, тәрбие беретін мұғалімдерге үлкен сенім артылып отырғанын түсінесің. Сол үлкен сеніммен бірге үлкен міндет те қойылған. Бұл міндеттердің қомақты бөлігі информатика мұғалімдеріне бұйырып тұрған сыңайлы. Неге десеңіз, үш тілде оқытылу керек пәндердің ішінде информатика бар және қазіргі жастарға үйретілу керек болып тұрған робототехниканы да үйрету біз, информатика мұғалімдерінің басты міндеттерінің бірі.
Роботтарды күнделікті өмірде, өндірісте пайдалану үшін, қолданушылар роботты басқару біліміне, дағдыларына ие болу керек. Сол үшін робот техникасына қызығушылық, базалық білім және дағды қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр. Робот техникасы дегеніміз – зияткерлік автоматтандырылған техникалық жүйелерді әзірлеу және пайдаланумен айналысатын қолданбалы ғылым. Жалпы, бұл бағдарламаның өзектілігі – білім беру жүйесінде жаратылыстану ғылыми бағытында оқушылармен жұмыс істеу және оқушылардың ой-өрісін кеңінен дамыта отырып, инженерлік ойлау негіздерінің алғышарттарын қалыптастыру деп ойлаймын.
Қазіргі таңда сұраныс енгізе қойсаңыз болды, ғаламторда робот туралы көптеген ақпарат алдыңнан шыға келеді. Жаңалықтарға сүйенсек, 2030 жылға таяу адам санасымен тепе-тең нанороботтар шығармақшы. Бұдан жасанды интеллекттің болуы сөзсіз екенін көріп отырмыз. Себебі роботтарға кез келген мәселені талдау және шешім қабылдау қабілеті қажет. Заман сұранысына сай робототехниканы өзіміз де үйреніп, сонымен бірге оқушыларымызға да үйретуге кірісіп кеттік. 2018 жылдың қыркүйек айында Қостанай қаласындағы «Өрлеу» АҚ филиалында «Робототехника» курсын оқып, сертификатқа ие болдым.
Курсты аяқтаған соң оқушыларға ақпараттық-цифрлық технологияларды пайдалану арқылы «Робототехника» теориясын үйрете бастадым, себебі арнайы жабдықталған кабинет болмады. Оқушылардың қызығушылықтары арта бастады, өздігінен де интернет желілері арқылы роботтың түрлерімен, олардың қолданылу салалары туралы мәліметтермен танысып, робот техникасы сабағында бір-бірімен бөлісіп отырды. 2020 жылы мектебімізге оқушылардың ақпараттық және функционалдық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Робототехника» кабинеті ашылып, барлық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Жоспардағы роботтарды жасап үйренді. Оларды құрастырудан гөрі, оның бағдарламасын жазып, роботты қозғалысқа келтіру сәл қиын болатынын көріп, білді.
Топтағы оқушылардың біреуі құрастыратын робот түрін ойластырып, оған қандай бөлшектердің керектігін анықтап келсе, басқалары сол бөлшектерді қолдануға ыңғайлы етіп басқа бөлшектерден айырып жинап береді, енді біреулері көрсетпе бойынша құрастыруға көмектеседі. Осындай жұмыстарды жүзеге асыра отырып, оқушыларыммен бірге жетістіктерге жеттік. Атап айтатын болсам, «Өрлеу» АҚ ұйымдастыруымен өткен облыстық «Программалау» байқауында ІІ кезеңге өтіп, қатысқаны туралы сертификатқа ие болсақ, «Мұнара» білім порталының ұйымдастыруымен өткен республикалық байқауында 1-орынға ие болып, мақтау қағазымен марапатталдық.
Ел ертеңі – білімді ұрпақ екені бәрімізге аян. Баланы білімді етіп, заман талабына сай тәрбие беру ісінде әрбір ұстаз шығармашылықпен, тынбай жұмыс істеуі қажет. Отанымыздың ертеңгі тірегі болар халық ойшылдары мен қайратты азаматтарын тәрбиелеуде шығармашылықпен еңбек ету, жаңа ақпараттың технологияларды сабақта тиімді пайдалану үлкен табыстарға жетелері сөзсіз. Бүгінгі технологиялар дамыған заманда адамның сауаттылығы туралы түсінік күн сайын өзгеріп тұрады десек те болады. Осыдан 10 жыл бұрын адамның сауаттылығын оқу мен жазу көрсеткіштері арқылы бағалайтын болса, казір компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі маңызды болып саналады, ал ертеңгі күні әр сауатты адам роботпен жұмыс істей білуі қажет.
Назым БАТЫРБАЕВА,
Балалар шығармашылық
үйінің директоры,
Федоров ауданы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.