XXI ғасыр – ғылым мен техниканың ғасыры деп бекер айтылмайды. Өйткені, қазіргі таңда ғылыми-техникалық прогресс қарқынды даму үстінде. Ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдаланбайтын саланы атау өте қиын.
Дамыған елдердің қатарына қосылу үшін біздің де «көштен қалмауымыз» керек. Жалпы болашақтың жарқын болуы білімді жастардың қолында екендігі баршамызға аян. Осы орайда өскелең ұрпақтың ғылымға ұмтылып, техниканы меңгеріп, ел болашағы үшін еңбек етер саналы азамат болып қалыптасуы үшін қолымыздан келген көмекті аямауымыз керек. Соңғы жылдары робототехника саласы өмірімізде қарқынды белең алып келеді және оқушылардың арасында да бұл салаға қызығушылық танытушылар саны артуда.
Робототехника саласы несімен қызық және оның балалар үшін пайдасы қандай? Қарапайым тілмен айтар болсақ, робототехника – бұл автоматтандырылған құрылғыларды, яғни роботтарды құруды үйрететін қолданбалы ғылым. Роботты құрастыру кезінде балалар уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізіп қана қоймай, сонымен қатар бірқатар дағдыларды қалыптасады. Яғни, қолдың ұсақ моторикасы дамиды; логикалық ойлау қабілеті артады; шығармашылық қабілеттері дамиды; зейіні артады; бір орында ұзақ уақыт отырып жұмыс жасауға дағдыланады. Сонымен қатар баланың жауапкершілік, еңбекқорлық, шыдамдылық, өз бетінше жұмыс істеу секілді тұлғалық қасиеттерін дамыту жолында да ықпалы зор.
Бүгінде білім беру жүйесінде робототехника – электроника базасында автоматтандырылған техникалық жүйелерді әзірлеу үрдісі туралы ғылым, механика және бағдарламалау. «Не үшін робототехника?» деген сұраққа жауап берсек. Біріншіден, бұл ғылыми зерттеулердің басым бағыты. Роботтар өндірістің жоғары технологиялық салаларына еніп, өмірімізде күнделікті тұтынатын теледидар немесе телефон сияқты қалыптасқан затқа айналуда. Ерте ме, кеш пе роботтар адамның алмастырылмайтын көмекшілері болмақ, бірқатар қауіпті және ауыр жұмыстарды өз мойындарына алатынына ешкім күмән келтіре алмайды.
Екіншіден, білім беру стандарттарының талаптарына жауап беретін робототехника сабақтары. Робот құрастыру үрдісі – шығармашылық, берілген тапсырмалардың дайын жауаптары жоқ. Сондықтан да жаңаны іздеу үшін, бұрынғы бар білімін пайдалануға тура келеді. Үшіншіден – тұлғаның дамуы үшін мақсат қоя білуге негізделген шығармашылық іс-әрекеттік тәсіл. Компьютерлік технологиялар заманында өмір сүретін жеке тұлғаны шығармашылық тұрғыдан қалыптастыруға бағытталған.
Робототехника математика, логика, физика, механика, бағдарламалау секілді түрлі ғылымдарды да байланыстыратындықтан, оқушылардың осы салаларда алған білімдерін жетілдіруге және пысықтауға да пайдасы зор. Робототехникамен айналысатын балалар іс-әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын бақылауды, алдына мақсат қойып, оған жетуді, командада бірлесіп жұмыс істеуді, өз бетінше шешім қабылдауды үйренеді. Қорыта келгенде, роботехниканың баланың ақыл-ойының жетілуі мен тұлғалық қабілеттерінің дамуына тигізер пайдасы зор. Олай болса, ғылым мен техниканы жетік меңгерген, білімді оқушыларымыз көп болсын дегім келеді.
Айнагүл ЕРЖАНОВА,
С.Мәуленов атындағы ЖББМ
информатика пәнінің мұғалімі,
Жангелдин ауданы,
Милісай ауылы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.