Шаңғы туризмі бойынша жарыс

Выпуск - №9(557)   :   06.03.2023
993

Ақпанның 22-24 аралығында «Золотой фазан» қонақ үйінің аумағында Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай өтіп жатқан оқушылардың облыстық қысқы спартакиадасы аясында шаңғы туризмі бойынша жарыстар өтті.

Облыстық білім басқармасының дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризм өңірлік орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылардың облыстық қысқы спартакиадасы аясындағы шаңғы туризмінен жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен 110-нан астам спортшы қатысты. Облысымыздың 14 өңірінен келген жас спортшылар ауа райының қыңырлығына қарамастан, «Жұмардың көмегімен көтерілу», «Дюльфермен түсу», «Қар көшкіні қаупі бар учаскенің траверсі», «Жұқа мұздан өту», «Алғашқы медициналық көмек көрсету және зардап шегушіні тасымалдау», «Шаңғының ізін қадағалау», «От жағу», «Шаңғы тебу», «Топография», «Бағдарлау», «Туристік тораптар» сияқты кезеңдерді сәтті өтті.

Аталған жарыста бас төреші болған туризм бойынша аға жаттықтырушы және спорттық туризм федерациясының төрағасы Назым Амановтың айтуынша, жарыстың деңгейі жаман емес.

– Жарыс екі күн бойы жүргізілді. Бірінші күні қатысушылар кедергі жолағынан өтті. Ол үшін қатысушылар 3 сағат ішінде жылдамдық пен сапа бойынша кезеңдерді еңсеруі қажет болды. Кезеңдер шаңғы және туристік дайындық бағытында жүргізілді. Ал екінші күні «Эстафета» болып, онда қатысушылар айналма маршрут бойынша жұмыс істеп, бір-біріне бақылау жүктерін (эстафетаны) берді. Әр жарыс сайын командалардың саны да, техникалық деңгей де артып, арнайы туристік жабдықтар да жаңартылып келеді, – деп атап өтті Назым Сыдыкжанович.

Жарыс нәтижесінде бірінші болып Қостанай ауданының командасы мәре сызығынан өтсе, екінші орынды Сарыкөл ауданының командасы, үшінші орынды Меңдіқара ауданының командасы иеленді. Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды құттықтай отырып, саламатты өмір салтын сақтап, алға қойған мақсаттарына жетуін тілейміз!


Аян АБДУЛЛИН,
Қостанай облысы әкімдігі
білім басқармасының
«Дене тәрбиесі және балалар
мен жасөспірімдер туризмінің
өңірлік орталығы» КММ
директорының орынбасары

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!