Шеберлік пен дәстүр – ұрпаққа өнеге

Выпуск - №8(704)   :   27.02.2026
449

Шеберлік пен дәстүр ұрпаққа өнеге (1)

Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойы аясында орталығымызда ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастарды еңбекке баулып, шығармашылық кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыру мақсатында «Шаңырақ шеберлері» атты кездесу өтті.

Тағылымға толы кездесуге қаламызда табысты еңбек етіп жүрген жас кәсіпкерлер – қолөнер саласында өзіндік бағыты мен қолтаңбасы қалыптасқан шеберлер арнайы шақырылып, жеке шығармашылық жолдары мен кәсіп жүргізу тәжірибелерімен бөлісті. Мысалы, тоқыма және қолөнер шебері Таншолпан Саматова өзінің жасаған бұйымдарын таныстырып, тоқу өнерінің нәзік қырларын көрсетті. Сондай-ақ қолөнер бұйымдарын жеке брендке айналдыру жолдары жөнінде құнды кеңестер берді.
Макет жасау шебері Дастан Джанузаков макеттер мен киіз үй үлгілерін таныстыру арқылы шығармашылық ізденіс пен еңбектің мәнін көрсетті. Ал заманауи қолөнер бағытын дамытып жүрген Таншолпан Серікбай лазерлік технологиялар мен былғарыға жазу әдістерімен жасалған бұйымдарын ұсынып, дәстүрлі қолөнердің жаңа қырларын көрсетті. Іс-шараға қатысқан қала мектептерінің «Жанұя» клубының оқушылары шеберлердің қолынан шыққан туындыларға аса үлкен қызығушылық танытты.
Кездесу барысында әсем әндер шырқалып, шығармашылыққа толы атмосфера қалыптасты. Қонақтар жасөспірімдерге шеберлік сағаттарын өткізіп, қолөнерді табыс көзіне айналдырудың тиімді жолдары жөнінде пайдалы кеңестер берді. Соңында қонақтарға орталық атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Өнегелі жиын жастардың бойында еңбекке деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, ұлттық қолөнерді жеке бренд ретінде дамытуға болатынын нақты мысалдармен көрсетті.

Инабат ЖӘМЕЛОВА,
Қосымша білім беру орталығының педагогі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.